Облыстық тері-венерологиялық диспансер

Қазақстан, Шымкент, Жібек Жолы к-сі, 15, Балдырған аялдамасы
+7 (7252) 49 03 06
+7 (7252) 39 27 74

Құрылымы

Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бөлімдері:

  • Емханалық бөлімі
  • Диспансерлік бөлімі
  • Венерология бөлімі
  • №1 Дерматология бөлімі
  • №2 Дерматология бөлімі
  • №3 Дерматология бөлімі
  • Ақылы бөлімі
  • Физиотерапиялық бөлімі
  • Орталықтандырылған серологиялық зертхана
  • Клиникалық-диагностикалық зертхана 

Емханалық бөлімі

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі Хван Владислав Вениаминович

Жоғары санатты дәрігер - дерматовенеролог

Емханалық бөлімшенің негізгі міндеттері болып табылады:

- ОҚО  тері жұқпалы ауруы және тері жұқпалы емес ауруы науқастарымен жұмыс барысында диспансерлік қағидаларды сақтай отырып және тиімді технологияларды қолдана отырып жоғары білікті мамандандырылған консультациялық-диагностикалық және емдік-профилактикалық дерматологиялық көмек көрсету;

- Жүргізілген емнің тиімсіздігі кезінде дерматологиялық қырындағы науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау;

- Науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығын сараптау;

- Жұқпалы тері аурулары ошақтарында санитарлық эпидемияға қарсы іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірлесіп жүзеге асыру;

- Мектеп оқушыларын, мектепке дейінгі мекемелерді және т. б профилактикалық тексерулерден өткізту;

- Салауатты өмір салтын насихаттау.

Науқастарды алғашқы қабылдау кабинетінен басқа бөлімшенің құрамына балаларға диспансерлік бақылаукабинеттері кіреді. Әскерге шақырылушылар және ересектермен жұқпалы тері ауруларына жеке кабинет ұйымдастырылған. Псориаз, Витилиго, Атопиялық дерматит науқастарына көмек көрсету сапасынжоғарылату және көмек көрсету нәтижелі болу мақсатында Витилиго мектебі (2005 ж), Псориаз мектебі (2006 ж), Атопиялық мектебі (2009 ж) бастап жұмыс жасауда.

Диспансерлік бөлімі

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Земцов Евгений Егорович

Жоғары санатты дәрігер-дерматовенеролог, бірінші санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы

Диспансерлік бөлімшесінің негізгі міндеті – дерматовенерологияның заманауи жетістіктерімен және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, науқастарды жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар инфекциясына тексеру,оларды уақтылы және сапалы емдеу және диспансерлеу. Бөлімшеде жыныстық жолмен берілетін әр түрлі инфекциялармен (мерез, соз, хламидиоз, уреаплазмалы және микоплазмалы инфекция, урогенитальды трихомониаз, урогенитальды кандидоз, аногенитальды сүйел, генитальды ұшық және т. б.) зардап шегетін облыс және қала тұрғындары медициналық көмек алады, сондай ақ ЖЖБИ міндетті түрде тексерілетіндер: жүкті әйелдер, донорлар, әскерге шақырылушылар, КТУОБОО жеткізілген тұлғалар. Емделушілерге зерттеудің заманауи әдістері-бактериоскопиялық себу, ИФА, РИФ, ПЦР, бактериоскопия спектрлері ұсынылады.

Емдеу-диагностикалық тактикасын әзірлеу алқалы түрде жүзеге асырылады, науқастарды емдеудің заманауи стандарттары мен хаттамаларына сәйкес барлық қағидаларын мен компененттерін сақтай отырып науқастарды емдеуді жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. 

Ақылы қызмет бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-дерматовенеролог.

ОТВД ақылы амбулаториялықбөлімше-бұл диспансердің көпсалалы бөлімшесі, арсеналында  дерматологиялық, дерматокосметологиялық, андрологиялық қабылдау кабинеттері, құпия тексерілу және емделу кабинеті, медициналық тексеруден өткізу кабинеті, УДЗ және т. б . Барлық кабинеттер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, дәрігерлердің жұмыс орындары толық компьютерленген, манипуляция жасау үшін тек бір рет қолданылатын құрал-саймандар қолданылады.

Бөлімшеде жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар елеулі еңбек өтілі және жұмыс тәжірибесі бар дәрігерлер жұмыс істейді . Жұмысының негізгі бағыттары мыналар: медициналық қызмет көрсету сапасының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған, әр емделушіге жеке көзқарас, тұрақты іздеу және жаңа технологияларды енгізу.

Диспансердің косметологтары тері косметикалық кемшіліктерді түзету үшін,плазмолифтинг, редермализация, химиялық пилингтер, биоревитализацияны табысты жүргізуде. Тері проблемаларын, соның ішінде безеу, розацеа және басқаларды қалпына келтіру бойынша кешенді бағдарламалар әзірленді.


Венерология бөлімі

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Нишанбаев Бахытжан Раманович

Бірінші санатты дерматовенеролог

Венерология бөлімі 30 орындық тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана және 20 төсекке арналған күндізгі стационарға арналған, ЖЖЖИ бар (мерез, хламидиоз, соз, трихомониаз) науқастар ауруханаға жатқызылады.

Бөлімнің базасында заманауи медициналық диагностикалық әдістердің толық спектрін қолданатын практикалық тәжірибесі мол жоғары білікті мамандар бар. Бөлім ЖЖЖИ емдеуге арналған соңғы әзірлемелерді, тек жалпы және жергілікті терапияның заманауи және қауіпсіз препараттарын пайдаланады. Барлық процестер стандартталған және пациенттерді басқарудың бекітілген клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

Соңғы жылдары бөлімнің ауруларына емдеудің физиотерапиялық әдістерін белсенді түрде енгізілуде, жергілікті терапия спектрі кеңейді.Әйелдерге, әсіресе жүкті әйелдерге медициналық көмек ОТВД акушер-гинекологымен бірге  көрсетіледі.


№1 Дерматология бөлімі 

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Актаева Райхан Жарылкаповна

Жоғары санатты дәрігер дерматовенеролог

Бөлім  тәулік бойы 60 төсек-орынға және күндізгі аурухана - 20 орынға арналған. Дерматология №1 бөлімі түрлі дерматоздар:псориаз, көпіршікті дерматоздар, қызғылт түсті теміреткі, себорейлі дерматит, қышыма Бенье және басқаларменауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін әзірленген. Бөлімнің базасында отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялардың түрлі дәрілік препараттарын апробациялау жүргізіледі. Бұл науқастар тобына  физиотерапия емдік шараларының барлық спектрін (УФО,УВЧ, Дарсонваль, электрофорез) табысты қолданады, соңғы жылдары магниттік, шолақ жолақты фототерапия, емдік ванналары пайдаланылады.

2006 жылдан бастап, "Псориаз" мектебі және 2009 жылдан бастап "Атопиялық дерматит" мектебіжұмыс істейді, бұл мектептерде дәрігерлер психологиялық тренингтер, оқыту семинарларын өткізеді, ата-аналарын, жақын туыстарын хабардар етеді, ал соңынан аурудың пайда болу  себептері туралы, аурудың алдын-алу шаралары және емдеу әдістерін; пациенттер мен олардың ата-аналарына тері күтімі ережелерін, оның ылғалдылығын үйретеді.

Жинақталған тәжірибесі мен озық технологияларды енгізу арқасында дерматологиялық №1 бөлімнің  жұмысы дерматиттің түрлі формаларын диагностикалау мен емдеудің елеулі дамуына жетті. Соңғы жылдары Қазақстанның, Ресейдің, Израильдің, Францияның жетекші дерматологтары ұсынған емдеудің жаңа әдістері тәжірибеге енгізілді және енгізілуін жалғастыруда.


№2 Дерматология бөлімі 

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Шаймерденов Ержан Раматулаевич

Бірінші санатты дәрігер дерматовенеролог

Бөлімше тәулік бойы -50 төсекке  және күндізгі 10 төсектік ауруханаға есептелген.

Дерматологиялық №2 бөлімшеге жұқпалы-тері аурулары бар, сондай-ақ кейбір дерматологиялық патологиясы бар (жұқпалы дерматит, белдеулене теміреткі және т. б.) науқастар жатқызылады.

Бөлімше дәрігерлері терапияны медициналық ғылымның қазіргі жетістіктеріне сай жүргізеді.


№3 Дерматология бөлімі 

(Лейшманиозға қарсы орталығы)

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Тулебаев Габбар Алибекович

Орталық к тері лейшманиоз науқастарына көмек көрсету үшін арналған. Бөлімше тәулік бойы -5 төсекке және 10 төсектік күндізгі ауруханаға есептелген. Бөлімшеге түрлі дерматоздар науқастары, сондай-ақ  жұқпалы-тері аурулары науқастарыда жатқызылады.


Ақылы бөлімі

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Сырбек Бекен

Жоғары санатты дәрігер-дерматовенеролог

ОТВД ақылы амбулаториялықбөлімше-бұл диспансердің көпсалалы бөлімшесі, арсеналында  дерматологиялық, дерматокосметологиялық, андрологиялық қабылдау кабинеттері, құпия тексерілу және емделу кабинеті, медициналық тексеруден өткізу кабинеті, УДЗ және т. б . Барлық кабинеттер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, дәрігерлердің жұмыс орындары толық компьютерленген, манипуляция жасау үшін тек бір рет қолданылатын құрал-саймандар қолданылады.

Бөлімшеде жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар елеулі еңбек өтілі және жұмыс тәжірибесі бар дәрігерлер жұмыс істейді . Жұмысының негізгі бағыттары мыналар: медициналық қызмет көрсету сапасының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған, әр емделушіге жеке көзқарас, тұрақты іздеу және жаңа технологияларды енгізу.

Диспансердің косметологтары тері косметикалық кемшіліктерді түзету үшін,плазмолифтинг, редермализация, химиялық пилингтер, биоревитализацияны табысты жүргізуде. Тері проблемаларын, соның ішінде безеу, розацеа және басқаларды қалпына келтіру бойынша кешенді бағдарламалар әзірленді.


Физиотерапиялық бөлімі

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Касымханова Алия Айдарбековна

Дәрігер-физиотерапевт, дерматовенеролог, жоғары санатты.денсаулық сақтау ұйымдастырушысы

Физиотерапия бөлімі – ОТВД құрылымдық бөлімшесі ОДВД арналған физиотерапевтік процедуралармен және қалпына келтіру емдеуімен айнасысады. ОҚО денсаулық сақтау басқармасы 20.11.2017 ж №923 бұйрығымен "Витилиго"мектебі "Витилиго" Орталығы болып қайта құрылды ,витилиго науқастарына жоғары тиімді емдеу, алдын алу және оңалту көмек көрсету үшін; халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін емдеудің инновациялық әдістерін білім беру және тәжірибелік қызметте енгізу.


Орталықтандырылған серологиялық зертхана 

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Антоненко Оксана Викторовна

Зертхана мерезбен ауыратын немесе сифилиттік инфекцияға күдігі бар болуы мүмкін науқастардың емін және диспансерлеу сапасын бақылау, диагностикалау мақсатында серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Зертхана толығымен жаңа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, мерездің түрлі нысандарын диагностикалау бойынша серологиялық реакциялардың барлық кешені жүргізіледі: 

- РВ сапалық әдісі,

- РВ сандық әдісі, белсенділігі жойылған сарысуымен микрореакция,

- Микрореакция қан плазмасымен,

- Микрореакция сандық әдіс

- РИФ abs,

- РИФ 200,

- РИФ алынған (шығарылады),

- КБР суықта,

- РПГА.


Клиникалық-диагностикалық зертхана 

Емхана бөлімшесінің меңгерушісі - Комарова Екатерина Юрьевна

Зертханалық диагностикасыз аурудың белгілеріне қарап диагноз қою мүмкін емес. ЖЖЖИ кезінде клиникалық көріністерді шақыратын микроорганизмді анықтау емді дұрыс және уақтылы тағайындау үшін өте маңызды болып табылады. Әр түрлі тері ақауларының даму себептерін анықтау үшін түрлі талдау тапсыруды талап етеді. Зертхананың диагностикалық зерттеулерді қажетті көлемде дерматовенерологиялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жүргізуге санитарлық-эпидемиологиялық рұқсаты және лицензиясы бар. Науқастар үшін диспансердің емханалық және ауруханалық  бөлімшелерінде зерттеудің мынадай түрлері жүргізіледі:

- қанның жалпы талдауы;

- жалпы несеп талдауы;

- лямблий және ішек құрты жұмыртқаларына зерттеу;

- қанды биохимиялық зерттеу;

- ЖЖБИ-ға, В және С гепатиттеріне ИФА зерттеу;

- жағындылар іздері  акантолитикалық жасушалар мен эозинофилдер;

- Боровской түйіршіктеріне сүртінді;

- бұлыңғыр жолақты микроскопияда бозғылт трепонеманы табу;

- несеп-жыныс органдарынан бөлінген сұйықтықты ЖЖБИ бактериоскопиялық зерттеу;

- саңырауқұлақтар, демодекс, қотыр кенесіне бактериоскопиялық зерттеу ;

- бактериологиялық зерттеу саңырауқұлақтарға бактериологиялық зерттеу ;

- Нейсер гонококкына бактериологиялық зерттеу; 

- ПТР зерттеу ЖЖБИ.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу