Облыстық тері-венерологиялық диспансер

Қазақстан, Шымкент, Жібек Жолы к-сі, 15, Балдырған аялдамасы
+7 (7252) 49 03 06
+7 (7252) 39 27 74

Біз туралы

Бүгін ОҚО ДСБ ШЖК "Облыстық дерматовенерологиялық диспансері" МКК - бұл өңірдегі қарқынды дамып келе жатқан медициналық ұйым, науқастарға сенімділікпен зерттеу нәтижелерінің нақтылығын кепілдік ететін ұйым.  Медициналық ұйымның жетістігі-кәсіпқойлардың командалық жұмыс істеуі және әлемдік медициналық ғылым мен тәжірибенің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, отандық медицина,корпоративтік мәдениет және этика,қазіргі заманауи технологиялық ресурстары. Осының барлығы ұсынылған медициналық қызмет сапасының жоғары деңгейін қолдауға және қоғам игілігі үшін жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

ОТВД дәрігерлерінде осы үшін білім және тәжірибе,қажетті заманауи жабдықтар бар, ең бастысы-әрбір науқастың жақсы денсаулықты иеленуіне көмек беруге ниетті. ОҚО ОТВД ЖЖЖИ, дерматоздарды және тері жұқпалы ауруларын ерте анықтау үшін және оларды консервативті емдеу үшін барлық жағдай жасалған.


Терінің қатерсіз ісіктерін алып тастау, косметикалық және эстетикалық кемшіліктерін түзетуге аз инвазиялық әдістерді кеңінен қолданады. ОҚО Облыстық тері венерологиялық диспансері - Облыстағы дерматовенерология бойынша ең байырғы және ең басты емдеу-диагностикалық мекемесі, оның  клиникалық базасы Х.А.Яссауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті медициналық институты болып табылады. Бұл жерде медициналық көмек көрсетеді және ең  үздік дерматовенерологтар сабақтар береді,тері ауруының түрлі түрлерін және урогениталды инфекциялық ауруларды диагностикалауға және емдеуге заманауи технологиялар мен бірегей зертханалық және медициналық құрал-жабдықтарды қолданады. Науқастардың қалауы бойынша көрсетілетін қызметтер құпия, соның ішінде жасырын түрде көрсетілуі мүмкін. Одан басқа диспансер ұйымдастыру және кеңес беру орталығы, сондай-ақ дерматовенерология бойынша  облыстың медицина кадрларын дайындайтын базасы болып табылады. Облыстық дерматовенерологиялық диспансер қызметкерлерінің саны- 310, оның ішінде дәрігерлер – 54, оның ішінде 3 медицина ғылымдарының кандидаты.

Біліктілік санаты бар 42 дәрігер, оның ішінде жоғары санатты - 22, бірінші санатты -9, екінші санатты - 11. Мейірбикелер - 126, оның ішінде біліктілік санаты бар – 81, оның ішінде жоғары санатты - 58, бірінші санатты - 8, екінші санатты – 15. ОТВД дәрігерлерінің кәсіби сауаттылығын көтеру мақсатында жыл сайын 20-25 дәрігер-дерматовенерологтар, 30-дан астам медбикелер мамандануға жіберіледі.

Диспансердің  ТЭК бойынша жабдықталуы – 89%.

Емдеу-алдын алу жұмыстарына маңызды рөл бөлінеді: 

"Витилиго", "Псориаз", "Атопиялық дерматит" мектептері жұмыс жасауда , косметологиялық қызмет енгізіліп, жетілдірілуде; онкодерматология, жасушалық трансплантация т. б.дамып келеді.


2008 жылы ОТВД қызметкерлерімен Витилиго фототерапиясының Бейімделген Қазақстандық Хаттамасы әзірленді. 

Қазақстан Республикасының 2 инновациялық Патенті алынған: 

 №22581 15.06.2010 ж." Витилиго науқастарын емдеу тәсілі"

№22737 16.08.2010ж. "Витилиго науқастарын емдеу тәсілі " және оларға авторлық құқық куәлігі алынған.

2011 жылдан бастап ОТВД Витилигоны зерттеу бойынша Дүниежүзілік Қорымен (VRFoundation) ынтымақтастықта.

2010 жылдан бастап ОТВД ОСЗ созды диагностикалау үшін иммунофлюоресценция (РНИФ) түзу емес әдісі енгізілген және трихомониазды иммунофлюоресценция (РИФ) әдісімен тест-жүйесін қолданып:созға РНИФ (гоноскан) С-2471, трихомонадқа РИФ (трихоскан) С-234 қолданады. 2011 жылдан бастап ОТВД базасында жаңа мамандық дәрігер-трихолог енгізілген немесе шаш мәселесі бойыеша маман,алопеция кезінде мезотерапия әдістемелігі даярланған.

2011 жылдан бастап ОТВД Витилигоны зерттеу бойынша Дүниежүзілік Қорымен (VRFoundation) ынтымақтастықта. 2012 жылдан бастап "Витилиго" және "Псориаз" мектептері  жұмыстары аясында "Ақтас" (ОҚО Бәйдібек ауданында) емдік су көзінің созылмалы дерматоздардың ағымына және оны емдеуге,қайталау кезінде қолданудағы әсерін клиникалық зерттеу.

2013 жылы дерматоскопты алғаннан кейін ОТВД тері меланомасын заманауи инвазиялық емес әдісімен ерте диагностикалау енгізілген.

Косметологиялық процедуралардың келесі түрлері енгізіліп, жүргізіледі: беттің лифтингті уқалауы,мезотерапия, биоревитализация, химиялық пилингтер, бет терісі мәселесінің күтімі бойынша бағдарлама.

2014 жылдан бері Қаз ҒЗТВИ және "БЕЛА" ресей қорымен бірлесіп  туа біткен буллезді эпидермолизбен азап шегетін балаларға арналған  "Балалар-көбелек" жобасына қатысады.

2014 жылы ОТВД дәрігерлеріС.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ дипломнан кейінгі институттың дерматовенерология және эстетикалық медицина кафедрасымен және Қ. А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен бірлесіп Шымкент қаласында Витилигоны зерттеу бойынша Дүниежүзілік Қорының (VRFoundation) қатысуымен Витилиго бойынша VХалықаралық мастер класс өткізілді, АҚШ, Ресей, Қазақстан дәріскерлерінің қатысуымен. Осы қормен ынтымақтасуды жалғастыру аясында, 2015 жылы ОТВД базасында Үндістан маманын шақыруымен, витилиго кезінде өсірінді ала алмайтын меланоциттерді ауыстырып отырғызу жүргізілді. 2016 жылы осы ота ОТВД дәрігерлерімен дербес жүргізілді.Оңтүстік Қазақстан облыстық дерматовенерологиялық диспансерінің жетістіктері Республикалық деңгейде байқалды. Клиника 2014 және 2016 жылдарда "Сала көшбасшысы" құрмет атағына екі рет ие болды, сондай-ақ "Медицина мақтанышы" ұлттық сертификатына ие болды.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу