Облыстық тері-венерологиялық диспансер

Қазақстан, Шымкент, Жібек Жолы к-сі, 15, Балдырған аялдамасы
+7 (7252) 49 03 06
+7 (7252) 39 27 74

Әкімшілік

Басшысы

Будесова Жадра Утебаевна



ОҚО ДСБ бойынша штаттан тыс бас дерматовенеролог. Ақтөбе Мемлекеттік медицина акедемиясын 1999 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірді.Еңбек жолын Төлеби аудандық ауруханасында дәрігер дерматовенеролог болып бастады.2002 жылдан бастапОҚО ОТВД : дәрігер дерматовенеролог, әдістемелік-ұйымдастыру кабинетінің меңгерушісі, диспансер бөлімінің меңгерушісі.

2006 жылдан бастап емдеу-профилактикалық жұмысы бойынша  бас дәрігердің орынбасары, 2017 жылдың сәуір айынан бастап диспансердің басшысы етіп тағайындалған. Жоғары санатты дәрігер дерматовенеролог,жоғары санатты  денсаулық сақтау ұйымдастырушысы. 2012 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу бойынша инспекторы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамыту орталығының Оңтүстік Қазақстандық филиалында, 2015 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті растау бойыеша емтихан комиссиясының мүшесі. Емдеу жұмысын оқытушылық қызметпен сабақтастырады, әр жылдарда дерматовенерология курсы бойынша ХҚТУ, ШМК, Авиценна колледждерінде сабақ берген. «Витилиго», «Псориаз», «Атопиялық дерматит» мектептеріне әдістемелік-ұсынымдарды бастаушы және әзірлеуші. «Витилиго науқастарын емдеу әдістері» авторлық куәлігі бар. 2015 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Үздігі», дерматовенерологиялық қызметтің 90 жылдығына орай «Қазақстандық салалық Кәсіподақ денсаулық сақтау қызметкері» ерен еңбектері үшін төс белгілерімен марапатталған.


ШЖҚ МКК "ОТВД" емдеу-алдын-алу жұмысы бойынша

және сапалы бақылау бойынша басшының орынбасары

Шорина Сауле Николаевна 



1988 жылы Ташкент Мемлекеттік Медициналық Институтының "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Шымкент қаласы "Фосфор" МСБ учаскелік дәрігері болып бастаған. 1995-2006 жылдар аралығында облыстық тері венерология диспансерінде әдістемелік-ұйымдастыру кабинетінің меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу-алдын-алу жұмысы бойынша орынбасары, ақылы медициналық қызмет көрсету және тері мәселелері бойынша бөлім меңгерушісі.

1996 жылы ОҚО бойынша алғашқылардың бірі болып ҚазҒТВИде дерматокосметология курсы бойынша мамандандырудан өтті. Безеу ауруы, розацеа, алопеция және папилломавирусты инфекцияны емдеудің бұрын қолданылған әістерін жетілдіріп, жаңа әдістерін енгізді. 2004 жылы Мәскеу қаласында ОҒЗТВ базасында трихология мәселелері және косметикалық кемшіліктерді терапиялық түзету әдістеріне оқыды. Ақылы медициналық қызмет көрсету және тері мәселелері бөлімінің меңгерушісі бола тұра, шаш және тері мәселелері (мезотерапия, PRP-плазмолифтинг) еміне иньекциялық әдістерді енгізді. 2007-2008жылдар аралығында ОҚО Арыс аудандық тері венерология диспансерін басқарды. Дәрігер дерматовенеролог, жоғары санатты дерматокосметолог,бірінші санатты Денсаулық сақтаушы ұйымдастырушысы. 2014 жылы "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Үздігі", 2015 жылы ОҚО әкімі атынан "ОҚО денсаулық сақтаудың дамуына қосқан үлесі үшін" төс белгілерімен марапатталған.

Нурмагамбетова Гульмира Бахитовна – ШЖҚ МКК "ОТВД" әдістемелік-ұйымдастыру жұмысы бойынша басшының орынбасары


ШЖҚ МКК "ОТВД" әдістемелік-ұйымдастыру

жұмысы бойынша басшының орынбасары

Нурмагамбетова Гульмира Бахитовна



1996 жылы Ақмола мемлекеттік медициналық институтын "емдеу ісі"мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы, Оңтүстік Қазақстан облыстық дерматовенерологиялық диспансеріне дәрігер-тағылымдамашы ретінде жұмысқа қабылданған. 1996 жылдан 2006 жылдар кезеңінде емхананың, дағдарыс орталығының дәрігер дерматовенерологы, диспансер бөлімінің меңгерушісі әдістемелік-ұйымдастыру кабинетінің меңгерушісі, бас дәрігердің еңбекке жарамсыздықты сараптама жасау жұмысы бойынша орынбасары (2003ж), емдеу-алдын-алу жұмыстары бойынша бас дәрігердің орынбасары (2003-2006ж). 2006жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Облыстық тері венерология диспансерінің  бас дәрігері болып тағайындалды.

2006 жылдан бастап 2017 жылдары диспансерге басшылық етуді жүзеге асырды. Осы жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының дерматовенерологиялық қызметі айтарлықтай жаңартылды. Мәселен, облыстық дерматовенерологиялық диспансері, алғашқылардың бірі болып, Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорын статусына ауысты, аудандық тері-венерологиялық диспансерлер орталық аудандық аурухана және аудандық емхана құрамына енді, күндізгі ауруханалардың ашылуы есебінен тәулік бойғы ауруханалардың төсек-орны қысқартылды. 

Материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылды.  Облыстық дерматовенерологиялық диспансердің, Түркістан қаласы, Түлкібас, Махтарал, Арыс, Сарыағаш аудандарының дерматовенерологиялық бөлімдеріндегі ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.Облыстық тері венерологиялық диспансеріне 40 млн нан астам теңгеге медициналық жабдықтар алынды. Емдеу алдын-алу жұмысына елеулі рөль бөлінген: косметологиялық қызметтер жетілдірілген. Витилигоның Қазақстандық Бейімделген фототерапия хаттамасы әзірленген, өнертабысқа ҚР инновациялық 2 патенты алынған,дерматоскопия және клеткалық трансплантация, профилактикалық климотерапия және т.б. енгізілген. 2017 жылдың сәуір айынан бастап бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары бойынша орынбасары. Медицина ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы: "Жұқпалы жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларды таратуға мүмкіндік туғызатын, кейбір контингенттерге жаңа әдістемелік тәсілдер". Жоғары санатты дәрігер дерматовенеролог, жоғары санатты дәрігер ұйымдастырушы. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігі", "Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін" төс белгілерімен және "Қазақстан Республикасының Конституциясына - 20 жылдығына" арналған  мерейтойлық медалімен марапатталған.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу