"ЖАНСАЯ" оңүстік облысы балалар туберкулез қарсы шипажайы

Қазақстан, Кентау, Уәліханов к-сі, 1
+7 (72536) 3 82 31

Біз туралы

"ЖАНСАЯ" облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийі алғашқы Манту және Диаскинтест оң реакцияларымен, сондай-ақ туберкулездің белсенді емес түрлерімен ауыратын балаларды емдеу мен сауықтыруды жүзеге асырады. Санаторийге емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы аудандық фтизиопедиатр жолдамасымен 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

Санаторийдің негізгі міндеті - туберкулез микобактериялары алғаш рет анықталған балаларға химиялық алдын алу жүргізу, туббайланыстағы балаларды сауықтыру. Қосымша ауруларды емдеу үшін физиоемдеу жүргізіледі (небулайзер арқылы ингаляция, электрофорез, УЖЖ, УКС тубус-кварц). Барлық балаларға стоматолог созылмалы инфекция ошақтарын санациялау жүргізеді.
Емдеу мерзімі диагнозға байланысты орташа есеппен 3 айдан 6 айға дейінгі уақытты құрайды. Жыл сайын шипажайда 600 бала сауықтыру емінен өтеді. Емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі. Шипажайда 3 фтизиопедиатр, сарапшы, стоматолог, диетолог, эпидемиолог, провизор жұмыс істейді. Шипажай дәрігерлерінің біліктілік санаттары бар. Сонымен қатар шипажайда 29 мейірбике жұмыс істейді. Оның ішінде 20 мейірбикенің жоғары санатты дәрежелері бар. Шипажайдың емдеу корпусында клиникалық, биохимиялық зертхана, стоматологиялық кабинет, ЕДШ кабинеті, физиоемдеу кабинеті, спортзал бар.
Шипажайда күн сайын сауықтыру іс-шаралары, емдік дене шынықтыру, тыныс алу гимнастикасы, дене бітімінің бұзылуының, майтабанның, семіздіктің алдын алу бойынша жеке сабақтар өткізіледі. 
Шипажайда 6 реттік тамақтану жолға қойылған, ол диетолог мейірбикемен бақыланады. Жыл бойы балалар жеміс-жидектермен, қымызбен және қымыранмен қамтамасыз етілген. Шипажай асханасы 80 орынға арналған. 
Толығырақ

Байланыс

Дүйсенбі Тәуілік бойы

Сейсенбі Тәуілік бойы

Сәрсенбі Тәуілік бойы

Бейсенбі Тәуілік бойы

Жұма Тәуілік бойы

Сенбі Тәуілік бойы

Жексенбі Тәуілік бойы

Қазақстан, Кентау, Уәліханов к-сі, 1
+7 (72536) 3 82 31
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу