Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ШАЛҒАЙ АУЫЛДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНЫЛУҒА БЕРІЛД

Ауырған адамға араша, жаны қиналғанға жанашыр болатын дәрігерлерге қолайлы жағдай жасау - бүгінгі күннің талабы. 

Осы орайда бүгін Қамқалы ауылдық округінің Жайлаукөл ауылында 30 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде қолға алынған «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы біздің ауданда да табысты жүзеге асырылуда. 

Ауданымызда денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып, жаңа медпункттер бой көтеріп, күрделі жөндеуден өтіп, емдеу мекемелері заманауи құралдармен, жаңа медициналық технологиялармен жабдықталып келеді. 

Жалпы ауданда бойынша «Халықты тіркеу жүйесінде» тіркелген 38 мыңнан аса тұрғынға 630 медицина қызметкері қызмет жасайды. Оның ішінде  77 - дәрігер, 335 - орта буынды медицина қызметкерлері. Аудан бойынша 26 - медициналық нысан бар.

Жаңа нысан заман талабына сай құралдармен жабдықталып, ауыл тұрғындарының қажетті медициналық көмек алуына жағдай жасалған.

Құрылыс жұмыстарына 254 млн. 384,8 мың теңге қаржыны құраған ғимарат заман талабына сай жабдықталған. 

797 тұрғыны бар Жайлаукөл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда            1-дәрігер 7- орта буынды медициналық қызмет атқаратын болады. Сонымен қатар, 30 төсек орынға арналған күндізгі емдеу бөлімі ашылған, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. 

Нысанның ашылу салтанатына аудан əкімі Сәкен Мамытов қатысып, қуанышқа кенелген ауыл тұрғындарына ізгі тілегін жолдады: - Кез келген мемлекеттің басты байлығы халық болса, халықтың баға жетпес байлығы ол - денсаулық. Ендеше, жаңа нысанда ақ желеңді абзал жандарымыз тұрғындарға денсаулықтың маңызын насихаттап, оны қорғау бағытында жалықпай еңбек етеді деп сенім білдіреміз.

Баршаңызды жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, -деп, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі. 

Балтыры сыздап, бүйрегі ауырған жандарға ем болар жаңа амбулатория ел игілігі жолында жемісті еңбек ете береді деген сенімдеміз.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу