Ауданда тұмауға қарсы екпе алу жүріп жатыр

Елімізде 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды.
Тұмауға қарсы екпе алатындар
✅ Медицина қызметкерлері
✅ Жиі ауыратын балалар, Д есепте тұратын балалар
✅ Жүктіліктің 2-3 триместріндегі әйелдер
✅ 60 жастан асқандар
✅ Д есепте тұратын ересек адамдар
Тұмау – эпидемия және пандемия түрінде тез әрі кең таралатын, маусымдық жұқпалы ауру. Тұмауды жеңіл-желпі ауру деп қарауға болмайды. Тұмаудың уақытылы алдын алып, ем қолданбаса, түрлі қосымша дерттің асқынуына әкеліп соғады
Тұмауға қарсы екпе алу әлі жалғасуда, барлығыңызды екпе алуға шақырамыз! Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!
Аудандық орталық аурухана эпидемиолог дәрігері
Ш. Қайратұлы