№3 Қалалық ауруханасы

Қазақстан, Павлодар, Батурин к-сі, 4/1
+7 (7182) 64 39 09
+7 (7182) 66 24 99

Құрылымы

№3 Павлодар қалалық ауруханасының бөлімі:

  • Хирургия – 60 төсек орын
  • Гинекология – 40 төсек орын
  • Жансақтау және анестезиология – 6 төсек орын
  • Терапия – 20 төсек орын
  • Токсикология – 10 төсек орын
  • Эндокринология – 30 төсек орын
  • Инсульт орталығы – 20 төсек орын
  • Неврология – 10 төсек орын
  • Неврологиялық науқастарды оңалту – 40 төсек орын
  • Рентген-диагностика
  • Жәрдемші қызметтер
  • Cервистік қызметі

Cервистік қызметі

№3 Павлодар қалалық ауруханасы базасында сервистік қызметтің №2 бөлімшесі ашылды. Бұл жерде үлкен тәжірибеден өткен, елдің және шет елдерінің клиникаларында тағылымдамадан өткен жоғары мамандандырылған дәрігерлер қызмет етеді. Бөлімше өте жәйлі бір және екі орындық палаталардан тұрады. Емдеуге жатқызу емханадан жолдама алмай-ақ, мамандардың алғашқы тегін тексеруінен кейін барып жүргізіледі.

Сервистік бөлімшеде хирургиялық ем жүргізіледі азинвазивті әдістермен (тілмей), оны жүзеге асыратын жоғары санаттағы хирург дәрігер С. А. Масғапов, ол 2015 жылы Павлодар облысының "Алтын скальпель" иеленушісі. Сонымен қатар, түйінді жемсаудың, тоқ ішек ауруының шұғыл емін орындайды.

Келесі аурулар кезіндегі жүргізілетін шұғыл ем түрлері:

- өт қабына тас байлану;

- жіті аппендицит, асқазан және ұлтабар жарасы;

- созылмалы геморрой; ішек жыланкөзі, ішек түймешігі;

-анал жарығы, эпителильді-құйымшақ сарысулы ісік;

- түрлі локализациядағы құрсақ қуысының сарысулы ісігі;

- түйінді жемсаудың шұғыл емі.

Әйелдердің кіші жамбас мүшелерінің емін, соның ішінде шұғыл емін жоғары санаттағы дәрігер, акушер-гинеколог М.М. Текжанов жүргізеді. 30 жылдық еңбек өтілі бар. Емделушілерге сырқаттанған кезде келесі ем түрлері ұсынылады:

- жатыр миомасы, аналық безінің іріңді ісігі; бедеулік, жатырдан тыс жүктілік;

- жатырдың, қынап қабырғаларының түсуі кезіндегі реконструктивті оталар;

- қуық-қынаптық жыланкөз;

- тубооварильді өскін; медициналық түсік; жатыр қуысының диагностикалық қырып тазарту (жабысқақ, миома, эндометрия өскіні кезінде).

Эндокриндік патологиясы бар (қант диабеті, қалқанша без аурулары және т.б.) емделушілер үшін сервистік бөлімшеде зерттеу жүргізіліп, емді облыстың штаттан тыс бас эндокринологы, ҚР денсаулық саласының үздігі Г.Қ. Мейрамова тағайындайды.

Неврологиялық науқастардың нейрооңалтуы мен қалыпқа келу емін (инсульттан кейін және нейрохирургиялық араласудан кейін) нейрооңалту бойынша халықаралық оқудан өткен жоғары санаттағы дәрігер А.Т. Ерғазинова жүргізеді.

Терапиялық бейіндегі емделушілерге бөлімшеде бірінші санаттағы терапевт дәрігер Н.К. Смағұлова кеңес береді, ол бронх-өкпе жүйесі ауруларына, ішек-қарын жолы сырқаттарына ем жүргізіп, жан-жақты зерттеуді де жүзеге асырады.

Бөлімшеде токсикологиялық науқастарға соның ішінде ішімдік ішкен абстинентті синдромы бар науқастарға да ем жасалады. Оны Павлодар облысының штаттан тыс бас токсикологы, жоғары санаттағы дәрігер А.П. Комков жүргізеді.

№3 ПҚА сервистік қызметтің бөлімшелері емделушілеріне жан-жақты зерттеу қолжетімді болып табылады: Компьютерлік томография, УДЗ, ФГДС, колоноскопия, рентгенография, ЭКГ-диагностика. Одан басқа, лабораториялық зерттеулердің кең түрі ұсынылады. Осында "Диабет мектебі" жұмыс істейді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу