№3 Қалалық ауруханасы

Қазақстан, Павлодар, Батурин к-сі, 4/1
+7 (7182) 64 39 09
+7 (7182) 66 24 99

Біз туралы

ШЖҚ "№3 Павлодар қалалық ауруханасы" КМК – Павлодар қаласының және Павлодар облысының ересек тұрғындарына шұғыл, сондай-ақ жоспарлы медициналық көмек көрсететін көпбейінді стационар. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі жағдайында қызмет ететін аурухана 230 төсек орынға жайылған. №3 ПҚА алты клиникалық және жеті жәрдемші қызмет бар.

Үш жүз елу қызметкерден тұратын аурухана ұжымы медициналық көмектің жоғары сапалылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған міндеттерді орындайды. Аурухана миссиясы тұрғындарға сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуден тұрады.

Аурухана компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, бейнеэндоскопиялық хирургиялық кешенмен, ересектер үшін өкпені жасанды желдету аппаратымен, ультрадыбыстық зерттеу аппаратымен, прикроватты монитормен, неврологиялық науқастарды оңалтуға арналған тренажерлармен жабдықталған.


 Аурухананың хирургиялық бөлімшесінде жоғары санаттағы хирург дәрігер С. А. Масғапов меңгеруші болып қызмет атқарады, ол 2015 жылы Павлодар облысының "Алтын скальпель" иеленушісі. "Колопроктология және абдоминалды хирургия" циклы бойынша біліктілігін арттырды, Қазан қаласының онкоорталығында эндобейнехирургия бойынша тағылымдамадан өтті. Халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін мастер-кластарға бірнеше рет қатысқан. Бөлімшеде азинвазивті әдістермен (тілмей) хирургиялық ем жүргізіледі. Сонымен қатар, түйінді жемсаудың, тоқ ішек ауруының шұғыл емін орындайды.

Келесі аурулар кезіндегі жүргізілетін шұғыл ем түрлері:

- өт қабына тас байлану; алдыңғы құрсақ қабырғасының жарығы;

- жіті аппендицит, асқазан және ұлтабар жарасы; енбаудың қабынуы;

- созылмалы геморрой; ішек жыланкөзі, ішек түймешігі;

- анал жарығы, эпителильді-құйымшақ сарысулы ісік;

- түрлі локализациядағы құрсақ қуысының сарысулы ісігі;

- түйінді жемсаудың шұғыл емі.

Шұғыл емнің осы түрлерін ота блогының меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер Н.Қ. Ахметов та жүзеге асырады.

Әйелдердің кіші жамбас мүшелерінің емін, соның ішінде шұғыл емін жоғары санаттағы дәрігер, акушер-гинеколог М.Х.Текжанов жүргізеді. Оның басты қағидасы — неғұрлым әйел затының мүшелерін сақтайтын, аз жарақаттайтын оталар жасау, соның арқасында тәжірибелі дәрігердің аялы алақанынан өткен әр әйел тез оңалып, сауығып жатады. Ресей Федерациясы клиникаларында эндоскопиялық гинекология бойынша оқу оқыған. Емделушілерге сырқаттанған кезде келесі ем түрлері ұсынылады:

- жатыр миомасы, аналық безінің іріңді ісігі; бедеулік, жатырдан тыс жүктілік;

- жатырдың, қынап қабырғаларының түсуі кезіндегі реконструктивті оталар;

- қуық-қынаптық жыланкөз;

- тубооварильді өскін; медициналық түсік; жатыр қуысының диагностикалық қырып тазарту (жабысқақ, миома, эндометрия өскіні кезінде).

Эндокриндік патологиясы бар (қант диабеті, қалқанша без аурулары және т.б.) емделушілер үшін сервистік бөлімшеде зерттеу жүргізіліп, емді облыстың штаттан тыс бас эндокринологы, ҚР денсаулық саласының үздігі Г.Қ. Мейрамова тағайындайды. Жоғары санаттағы дәрігер эндокринолог дәрігерлердің Халықаралық Ассоциация мүшесі, жыл сайын өтетін эндокринология мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға, конгрестерге және мастер-кластарға қатысады.

Неврологиялық бейіндегі емделушілердің емін жоғары санаттағы дәрігер Б.Б. Ерубаева жүргізеді. Ол Венадағы (Австрия) Қазандағы (РФ), Чикагодағы (АҚШ) неврологтардың Еуропалық Конгресс базасында инсульттің диагностикасы, емі және алдын алудың жаңа технологияларын оқыды.

Неврологиялық науқастардың нейрооңалтуы мен қалыпқа келу емін (инсульттан кейін және нейрохирургиялық араласудан кейін) нейрооңалту бойынша халықаралық оқудан өткен жоғары санаттағы дәрігер А.Т. Ерғазинова жүргізеді.

Емделушілерге – емдік дене шынықтыратын жаттығу құрылғылары бар зал, массаж, психолог, логопед қызметі ұсынылады. Ол жердегі оқу-жаттығулар адамның қозғалыс функцияларын сақтау мен дамытуға бағытталған. Бөлімшедегі жаңа құрылғылар электроынталандыру, гальванизация, магниттік терапия, лазерлік терапия және ультрадыбыстық терапия жүргізуге мүмкіндік берді.

Емделушілерге кардиологиялық көмекті жоғары санаттағы дәрігер, №1 сервистік қызмет бөлімшесінің меңгерушісі Б.О. Мұқарова көрсетеді. Үздіксіз ізденіп, өз білімін шетелдегі клиникаларда жетілдірумен айналысатын Бибігүл Оралқызы кардиологиялық науқастардың өмір сапасын жақсартуда жетістіктерге жетіп жүр.

Терапиялық бейіндегі емделушілерге бөлімшеде бірінші санаттағы терапевт дәрігер Н.К. Смағұлова кеңес береді, ол бронх-өкпе жүйесі ауруларына, ішек-қарын жолы сырқаттарына ем жүргізіп, жан-жақты зерттеуді де жүзеге асырады.

Бөлімшеде токсикологиялық науқастарға соның ішінде ішімдік ішкен абстинентті синдромы бар науқастарға да ем жасалады. Оны Павлодар облысының штаттан тыс бас токсикологы, жоғары санаттағы дәрігер            А.П. Комков жүргізеді.

№3 ПҚА сервистік қызметтің бөлімшелері емделушілеріне жан-жақты зерттеу қолжетімді болып табылады: УДЗ, ФГДС, колоноскопия, рентгенография, ЭКГ-диагностика. Қолда бар "Сименс" фирмасының компьютерлік томографының арқасында бас миының, төс қуысы мүшелерінің және құрсақ қуысының мультиспиральді компьютерлік томографиясын жүзеге асыру мүмкін болды. Одан басқа, лабораториялық зерттеулердің кең түрі ұсынылады.

№3 Павлодар қалалық ауруханасының бөлімі:

  • Хирургия – 60 төсек орын
  • Гинекология – 40 төсек орын
  • Жансақтау және анестезиология – 6 төсек орын
  • Терапия – 20 төсек орын
  • Токсикология – 10 төсек орын
  • Эндокринология – 30 төсек орын
  • Инсульт орталығы – 20 төсек орын
  • Неврология – 10 төсек орын
  • Неврологиялық науқастарды оңалту – 40 төсек орын
  • Рентген-диагностика
  • Жәрдемші қызметтер
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу