№3 Қалалық ауруханасы

Қазақстан, Павлодар, Батурин к-сі, 4/1
+7 (7182) 64 39 09
+7 (7182) 66 24 99

Әкімшілік

Бас дәрігер

Ахметов Марлен Нариманович

Санаты: жоғары

Білімі: Семей медицина институты

Жұмыс өтілі: 26 жыл

Мәрлен Нариманұлы Ахметов, 1968 жылғы бірінші шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келген.

1985 жылы Павлодар қ. №4 орта мектебін аяқтаған.

1985 жылдан 1991 жылға дейін Семей Мемлекеттік медициналық институтында білім алған. "Емдеу дәрігері" мамандығын алып шықты. 1991 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтты ойдағыдай тәмамдағаннан соң, "Павлодар қ. №1 қалалық ауруханасы" базасында терапия бойынша интернатурадан өтті.

1992 жылдан 2002 жылға дейін "Павлодар қ. №1 қалалық ауруханасы" КМҚК "Жасанды нүкте" бөлімшесінде ординатор дәрігер болып қызмет жолын бастайды. 2002-2004 жж. аралығында "Ғ. Сұлтанов ат. Облыстық ауруханасы" КМҚК терапия бөлімшесінің меңгерушісі.

2004-2006 жж. "Менеджмент бакалавры" мамандығы бойынша Инновациялық Еуразиялық университетінде білім алды.

2004 жылдың маусым айынан 2009 жылдың қаңтар айына дейін "Ғ. Сұлтанов ат. Облыстық ауруханасы" КМҚК бас дәрігерінің емдеу-алдын алу қызметі жөніндегі орынбасары лауазымында болды.

2009 жылдың қаңтар айынан бастап "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" КМҚК бас дәрігері. 2011 жылдан бастап аталмыш мекеменің атауы ШЖҚ "№3 Павлодар қалалық ауруханасы" КМК болып өзгертілді.


Бас дәрігердің емдеу және алдын алу жөніндегі орынбасары

Ерубаева Бахыт Болатбаевна

Санаты: жоғары

Білімі: Семей мемлекеттік медицина академиясы

Жұмыс өтілі: 20 жыл

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу