Қызылорда қалалық ауруханасы

Қазақстан, Қызылорда, Абуов к-сі, 31А
+7 (7242) 29 01 05
+7 (7242) 29 01 06

Біз туралы

Сыр өңірінің тұрғындарына талай жылдан астам уақыт сапалы медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан қалалық  аурухана басы ауырып, балтыры сыздап, жанына дауа іздеп келген жандардың маңдай тірейтін
бірден-бір емдеу орны, қазақы ұғыммен айтсақ қарашаңырағы.

"Қызылорда қалалық ауруханасы" халыққа 220 төсек-орынмен сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді. Аурухананың материалдық-техникалық базасы бүгінде 92 пайызға қамтылған.

Аурухана қала халқына аптасына 4 күн жедел-жәрдем көмегін көрсетеді. Әр сала бойынша күніне шамамен келіп түсетін 70-80 науқасқа дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетіліп келеді.

Дәрігер болу - өте жауапты іс десек, бұл абыройлы мамандық жауапкершілікке қоса, кәсіби біліктілікті де талап ететіні белгілі.  Халық денсаулығының сақшысына айналған қалалық аурухана қызметкерлері
бүгінде халықтың ықыласына бөленіп жүрген білікті мамандар.

Аурухана бөлімдері:

- Терапия-І бөлімі
- Терапия-ІІ бөлімі
- Бастапқы нейрореабилитация және неврология бөлімі
- Физиотерапиялық бөлімі
- Хирургия бөлімі 
- Травматология бөлімі 
- Гинекология бөлімі 
- Жансақтау бөлімі 
- Ота бөлімі 
- Клиникалық-диагностикалық зертхана 
- Қабылдау бөлімі 
- Травматологиялық бекет  
- Сәулелі-диагностикалық бөлім 
- Ақылы бөлім 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу