"Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" КМҚК

Қазақстан, Қостанай, 1 Май к-сі, 151, корп. 7, 1 және 3 қаб. (Победа к-нен кіру)
+7 (7142) 37 05 97
+7 (7142) 37 05 90
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ЖИТС айлығы өтті

Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығында айлық өтті

15 қарашадан 15 желтоқсан аралығында Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың мамандары  "KOSTANAYPLAZA", "Март", Евроцентр, Isa Center, Мега, Дархан, Азия, Дракон, Ainalain, Емшан,  Алтын Орда, Қазақ-Француз орталығы, Аврора, "Қазпошта" АҚ, "Целинная" қонақүйі сияқты кіші және орта бизнес кәсіпорындарында дәрістер, семинар –тренингтер, дөңгелек үстелдер, флешмобтар, кең ауқымды акциялар өткізді. ЖИТС ОО-ң мамандары келушілер үшін АИТВ/ЖИТС-ке байланысты проблемалар туралы өзекті ақпаратты дайындады.

АИТВ-инфекцияның алдын алу туралы әдістері мен берілу жолдары туралы айтып берді. Барлық ниет білдірушілер АИТВ-инфекциясына экспресс - әдіспен қан тапсырды. АИТВ/ЖИТС проблемалары бойынша білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен ата-аналар, мектеп оқушылары үшін, колледждердің, университеттердің студенттері үшін акциялар мен конкурстар өтті.

Бұл туралы баспасөз-конференцияға шақырылған мүдделі ведомстволардың өкілдері мен тілшілері, айлықтың қатысушылары әңгімеледі. Мәдени –ойын сауық бағдарламасының "Карамельки", "Sweetkids" студиясының, "ZumbaFitness" би топтарының қатысушылары және спонсор –ұйымдардың өкілдері марапатталды. 

Айлықтың міндеті – АИТВ-инфекцияның алдын алуын және пайда болуы сұрақтары жөнінде халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру және жауапты қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру –орындалды.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу