"Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" КМҚК

Қазақстан, Қостанай, 1 Май к-сі, 151, корп. 7, 1 және 3 қаб. (Победа к-нен кіру)
+7 (7142) 37 05 97
+7 (7142) 37 05 90
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Қостанайда ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды Халықаралық еске алу күніне арналған рок-концерт өтті

Қалалықтар осы бір мамыр айының кешінде орталық саябақтан тірі жанды әуенді естіп, қатты таң қалған болар. Бұнда облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы  ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арнап, рок-концерт ұйымдастырып өткізді. 

Қостанайлықтарға денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Анжела Бексултанова, "Путь здоровья -1" ҚБ төрағасы Петр Томиловский, ЖИТС ОО-тың бас дәрігердің м.а. Марат Кузембаев сөз сөйледі және де "Әлем жастар көзімен" фото-конкурстың жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады. 

Және де осы саябақта АИТВ-ға экспресс-тестілеу үшін пункт жұмыс жасады. Осы кеште "Interdance" би ұжымы, рок-топтар: "Другая реальность", "Коллектив 63", "Территория Ра", "Чакры Чо...", Дмитрий Говороков пен Наталья Зкора солистері өз өнерлерін көрсетті. Ауа-райының келеңсіз жағдайларына қарамастан жас әртістер жиналғандарға жылу  мен түсінушілікті сыйлады, және де ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды бүкіл әлемде есіне алатындарын жеткізе білді. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу