"Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" КМҚК

Қазақстан, Қостанай, 1 Май к-сі, 151, корп. 7, 1 және 3 қаб. (Победа к-нен кіру)
+7 (7142) 37 05 97
+7 (7142) 37 05 90
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Қостанай қаласында "АИТВ-инфекциясы клиникалық практикада" мастер-классы

15-17 мамыр аралығында Қостанай облыстық ЖИТС орталығының базасында аудан және қалалық бөлімшелердің мамандарын дайындау деңгейін арттыру мақсатында "АИТВ-инфекциясы клиникалық практикада. АИТВ-инфекцияға тестілеу және емдеудің инновациялық жолдары" мастер–класс өтті.

Мастер–классты Алматы қаласының "АИТВ–инфекция және қосарлы аурулар" "PROFESSIONAL" ҮББИ кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жанна Трумова өткізді.

Үш күн ішінде ол дәрігерлермен АИТВ-инфекцияның алдын алу және емдеу бойынша жаңа жолдарымен, "90-90-90" стратегиясымен, әлемде және Қазақстанда тәжірибені іске асырумен бөлісті. Ерекше назар акушерлік-гинекологиялық және ЖИТС қызметтердің деңгейіндегі АИТВ-инфекциясы проблемасы бойынша іс шараларды ұйымдастыруға бөлінді.

Практикалық сабақтарда клиникалық жағдайлар талқыланды: АИТВ және туберкулез. АИТВ және пневмоцистік пневмония, АИТВ және токсоплазмоз. Профессор Трумова Қостанай облысы бойынша балалардағы қызықты жағдайларды көрсетті.

Оқудың аяқталуы соңында барлық мамандарға "PROFESSIONAL" үздіксіз білім беру институттың сертификаты табысталды. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу