"Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" КМҚК

Қазақстан, Қостанай, 1 Май к-сі, 151, корп. 7, 1 және 3 қаб. (Победа к-нен кіру)
+7 (7142) 37 05 97
+7 (7142) 37 05 90
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

"БАҚ көзімен АИТВ тақырыбын жариялау" тілшілер конкурсын

Баспасөз-релиз 

2019 жылдың 01 ақпанынан бастап 01 қараша аралығында "Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" КМҚК "БАҚ көзімен АИТВ тақырыбын жариялау" тілшілер конкурсын хабарлайды.

 

"БАҚ көзімен АИТВ тақырыбын жариялау" конкурсына барлық тілшілер қатыса алады: (корреспондеттер, репортерлер, теле және радио жүргізушілер)

 

Басты тапсырмалар:

АИТВ/ЖИТС-тың таралу проблемалары туралы және осы эпидемиямен күресу үшін шаралар қабылдау туралы қоғамға түсіндіру;

АИТВ/ЖИТС эпидемиясымен күресу негізіне жататын проблемаларды оңтайлы шешу тәжірибесін жарықтандыру;

БАҚ-нда осы тақырыптар бойынша үнемі рубрикаларды жүргізуді ынталандыру.

Конкурс келесі номинацияларда жүргізіледі:

- "Баспасөздегі үздік жариялым"

- "Үздік радио бағдарлама немесе радио оқиға"

- "Үздік теле бағдарлама немесе теле оқиға"

Конкурстың ережесі:

Конкурсқа қатысатын тілші он ай ішінде АИТВ/ЖИТС-пен күресудің алдын алу тақырыбына 5 және одан көп материалдарды жариялау.

Бұл ЖИТС ОО-тың мамандарымен, денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық жұмыскерлерімен сұхбаттасу,  АИТВ/ЖИТС диагнозымен өмір сүретін және өмірде бейімделетін адамдар туралы очерктер, суреттер, мақалалар, ЖИТС ОО-тың мамандарының жұмысы туралы ақпараттар, тілші зерттеулері, радио бағдарламалар, радио репортаждар, радио викториналар, радио сұхбаттар болуы мүмкін.  

Тілшілер үшін міндетті: репортаждар, суреттер, сұхбат, бағдарламалар, ток-шоу.

Конкурстың маңызды шартының бірі - бұл конкурстың автор –қатысушыларының ЖИТС орталығымен ынтымақтастықта болуы, аймақта оның қызметінің көрінісі, ЖИТС орталығының мамандарын өз материалдарын дайындауға қатысу үшін тарту. 

Қатысушылар конкурсқа тек қажетті жариялым санының  болуы кезінде жіберіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Конкурс қорытындысы 2019 жылдың 01 қарашасынан бастап 11 қараша аралығында жүргізілетін болады.

Конкурстың жүлделік қоры:

"Баспасөздегі үздік жариялым" номинациясы:

1 орын - 50.000 теңге

2 орын - 30.000 теңге

3 орын - 20.000 теңге

"Үздік радио бағдарлама немесе радио оқиға" номинациясы:

1 орын - 50.000 теңге

2 орын - 30.000 теңге

3 орын - 20.000 теңге

"Үздік теле бағдарлама немесе теле оқиға" номинациясы:

1 орын - 50.000 теңге

2 орын - 30.000 теңге

3 орын - 20.000 теңге

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу