"Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" КМҚК

Басқа мамандануы
Басқа мамандануы
1988
Құрылған күні

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығы ерекше үлгідегі емдеу-алдын алу мекемесі болып табылады, оның қызметі облыс көлемінде АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың алдын алу, диагностикалау және емдеу шараларын ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған. 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша облыста 2151 АИТВ жұқтырушы, 157 ЖИТС-пен ауыратындар тіркелді.

Орталықта 25 дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 7 дәрігердің жоғары біліктілік санаты бар.

Жобалық қуаты - ауысымына 50 келушіден кем емес

Қызметтеріміз:

- АИТВ-ға алғашқы тексеру (ересектер мен балалар) және тестілеу нәтижелерін растау

- Пациенттің денсаулық жағдайын клиникалық бағалау: зертханалық зерттеулер (иммундық мәртебесі, вирустық жүктемені анықтау, шартты патогенді инфекциялардың диагностикасы, қанның биохимиялық және клиникалық талдаулары)

- Антиретровирустық препараттармен емдеу (себебін анықтап өзіндік емдеу),

-  Шартты патогенді инфекциялардың, басқа да ілеспе аурулардың алдын алу және емдеу

- АИТВ-ның анадан балаға берілуінің ретровирусқа қарсы алдын алуды жүргізу

- Өмір бойы диспансерлеу (пациенттің денсаулық жағдайын динамикада бақылау)

- Құпиялылық принциптерін ескере отырып, анықталған ілеспелі аурулардың бейініне сәйкес жалпы емдеу желісі ұйымдарына жіберу

- Кеңес беру, психологиялық қолдау

Сонымен қатар ЖИТС ОО-да Достық кабинеті жұмыс істейді, онда халықтың осал топтарына тегін және жасырын негізде ЖЖБИ диагностикалау және емдеу, сондай-ақ өтініш білдіргендерді мүшеқаптармен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетіледі. Мұнда мамандандырылған, білікті медициналық көмек алу үшін тері-венерологиялық және басқа да медициналық ұйымдарға жолдама алуға болады.

АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмекті заң кеңесшісі көрсетеді. Сонымен қатар ЖИТС ОО жанында 2 білікті психолог, педагог, журналист, 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. 

Облыста қызмет көрсетеді:

- 42 жасырын тестілеу кабинеті

- 40 психоәлеуметтік кеңес беру кабинеті. ПӘК кабинеттерінің мамандары АИТВ/ЖИТС бойынша тестіге дейінгі және кейінгі сапалы кеңестер береді, АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупінің деңгейін бағалауды жүзеге асырады, АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупін төмендетуге ықпал ететін мінез-құлық пен дағдыларға үйретеді.

- 11 сенім пункті: 9 стационарлық (8 - ЕПҰ жанында, 1 - ЕПҰ-дан тыс) және 2 мобильді. Стационарлық сенім пункттері Қостанай қ. бойынша 4 жерде бар: Рудный қ. - 2: Қашар қ.ү.а. - 1, Қарабалық ауданында - 1, Лисаковск қ. - 1. Сенім пункттерінде медицина және әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ 15 аутрич - қызметкер – халықтың осал топтарынан немесе "тең-теңімен" қағидаты бойынша жұмысқа тәуелді адамдар жұмыс істейді.

ОО жанында тиімді оқыту үшін қазіргі заманғы мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған 50 орындық заманауи ресурстық орталық жұмыс істейді. Облыстық ЖИТС орталығы бес автокөлікпен жабдықталған.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығының бөлімшелері:

Эпидемиология бөлімі

Емдеу-алдын алу бөлімі

Профилактикалық жұмыстар бөлімі

Диагностикалық зертхана

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі

Жарақтандыру / Қызметтер

Зертхана / анализдер
Зертхана / анализдер
Медициналық тексеру / Анықтама беру
Медициналық тексеру / Анықтама беру

Бізді қалай табуға болады

Орталықтың мекенжайы:

Қазақстан, Қостанай, 1 Май к-сі, 151, корп. 7, 1 және 3 қаб. (Победа к-нен кіру)

Байланыс телефон нөмірі:

+7 (7142) ... - Көрсету

Жұмыс уақыты:

Бүгін 08:30 - 16:00

"Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" КМҚК картада

Пікірлер

Пікір қалдыру

Бұл құпия ақпарат! Пікіріңізді сақтаған кезде, "Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" КМҚК аккаунт туралы ақпаратты (есіміңізді, электрондық пошта мекен-жайыңызды) көрмейді
Пікіріңізді қалдыру үшін сіз Medelement пайдалану шарттарымен келісу керексіз

Науқастардың пікірлері барлығы: 1

0 - 0
10.05.19
Хорошие специалисты все

Дәрігерлер мен мамандар

Венеролог
Дерматовенеролог

Врач высшей категории

Жалпы өтіл (жыл): 50

Гинеколог
Дерматовенеролог

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 26

Инфекционист

Врач первой категории

Жалпы өтіл (жыл): 22


бізге жазыңыз

Қостанай: басқа клиникалар

"ЗУБИК" тіс емдеуі

Чкалов к-сі, 14

Алғашқы қабылдау 560 KZT

Көшу

№1 Қалалық емханасы

1 Мая к-сі, 151Б

Алғашқы қабылдау 2100 KZT

Көшу

"ЕМ БЕРГЕН" тіс емдеу бөлмесі

Қобланды батыр к-сі, 31

Алғашқы қабылдау 500 KZT

Көшу

"СТОМАХ72+" тіс емдеуі

Бородин к-сі, 234Б

Алғашқы қабылдау 200 KZT

Көшу

"ЖЕМЧУЖИНА СТОМЕД" медицина орталығы (Уральская к-сі)

Уральская к-сі, 14

Көшу

"ГИППОКРАТ" емдеу және диагностикалық орталық

1 Май к-сі, 151

Алғашқы қабылдау 2500 KZT

Көшу

"DENTAL" тіс емдеуі (Чкалов к-сі)

Счкалов к-сі, 7

Алғашқы қабылдау 500 KZT

Көшу Онлайн тіркелу

Тіс емдеу бөлмесі (Мауленов к-сі, 12/4)

Мауленов к-сі, 12/4

Көшу

ДОКТОР БУБНОВСКИЙ орталығы

Абай д-лы, 2Б

Алғашқы қабылдау 1500 KZT

Көшу

Кардиолог-ревматолог бөлмесі (Пушкин к-сі, 54)

Пушкин к-сі, 54

Алғашқы қабылдау 2000 KZT

Көшу

Жаңалықтар мен науқандар