№3 Қалалық емханасы

Қазақстан, Қостанай, Кобланды батыр д-лы, 21
+7 (7142) 39 13 02
+7 (7142) 55 20 03

Миссия, көрініс, құндылықтар


Біздің міндетіміз – азаматтардың денсаулығын нығайту мақсатында ауруды алдын алу.
Медициналық қызмет көрсетудің профилактикалық бағыттылығын дамыту тіреумен, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты және бағдарламаны  тиімді іске асыру жолымен, халық денсаулығын жақсарту.


Мақсат – Біз медициналық көмекті уақытылы, қол жетімді және сапалы көрсету саласында мемлекеттік саясатын  іске асыруда көшбасшысы болуға ұмтыламыз.

Медициналық қызметтер нарығында бәсекеге түсе алатын кәсiпорын болуға, жоғары мамандандырылған мамандардың қатысумен және қазіргі замаңғы медициналық технологияларды пайдаланумен пациенттерге жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуге  кепiлдiк беруге ұмтыламыз.


Міндеттер:

  1. Халыққа жоғары сапалы және қол жетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету.
  2. АМСК үлгінің әлеуметтiк-бағдарланған тиiмдi  жүйесін қалыптастыру.
  3. Қызмет сапасы және халықтың қанағаттылығы арқылы басқару жүйесiн және емхана менеджменті жетілдіру.
  4. Кадрлық стратегияны және ұйымның жақсы атағын қалыптастыру жолымен  кадрларды даярлау.
  5. Озық медициналық технологияларды жұмыста пайдалану.


«Қостанай қ. №3 емханасы» КМК құндылықтары

Бiздiң емделушiлер:
  Пациентке – назар аудару
  Пациенттің қауiпсiздiгі
  Қызметкелердің пациентке жауапты және  кәсiби қарым-қатынасы
  Пациент үшiн қолайлы және жайлы жағдай жасау. 

Бiздiң қызметкерлер:
  Қызметкерлердiң қауiпсiздiгі.
  Әр қызметкердiң кәсіби білімін басшылығымен бағалау.
  Айқындықты, алқалықты қолдау, ұжымда (кабинетте, бөлімшеде) жұмыс iстеуді білу.
  Әр қызметкердiң  кәсiби бiлiмдерін арттыру және қолдау.
  Барлық қызметкерлердi мәдениеттi-жаппай іс-шараларға тарту.
  Ұжымымен жеке-дара қағидаларын қолдау.
  Әр қызметкерді қызметтiк мiндеттерді адал орындауға тәрбиелеу.
  Барлық қызметкерлердiң жұмысқа дәлелденген қарым-қатынасы.
  Кәсiпорынның жақсы атағын қолдау.


Біздің жетістікктері
2014 жылы Емхананың күрделi жөндеуі толығымен аяқталды  және емхана қызметкерлердің жұмыс істеу  және пациенттердің емханада болу үшiн жақсы жағдай жасалды.
Дәрiгерлердiң кадрлық құрамы айтарлықтай жақсарды, жұмысқа 25 дәрiгер, соның ішінде 11 жас маман қабылданды.
Отбасылық дәрiгердiң тәжiрибесi емханасында алғаш рет енгізілген. Бүгін Емханасында 6 ЖТД  учаскелер ашылды және жұмыс iстейдi.
Бала жастағы ауруларды ықпалдастыра қарау және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының және Тиімді перинаталдық бағдарламаларына сәйкес балаларға және жүкті әйелдеріне тиімді көмек көрсету үшін  материалдық-техникалық базасы сәйкестiкке келтiрiлдi.
Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің жұмыс ұйымдастыруын жетiлдiру бойынша жұмыс аяқталды.
Тiркеу орындардың  жұмысында жаңғырту өткiзiлген  және қосымша ретiнде  егде жастағы адамдарға және ҰОС қатысушыларға  және жүкті әйелдерге арналған 2 тiркеу орын ашылды:
Облыстың емдеу мекемелерiнiң арасында емхананың жақсы атағы айтарлықтай өстi.
ЭҚЖК бойынша жалпы республикалық іріктеу  2013 жылдың қорытындылары бойынша «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК «Сала көшбасшысы — 2013» ұлттық сертификатына ие болды, «Сала көшбасшысы — 2013» медальмен марапатталды, бас дәрігер М.М.Ахметов «Қазақстан даңқы» орденімен марапатталды, 2014 жылы бас дәрігер М.М. Ахметов «Денсаулық сақтаудың ең үздік менеджері» наминация бойынша   ҚР ДСМ республикалық  байқауда жеңімпаз болып атанды, бас дәрігердің ДЕС жөніндегі орынбасары О.И. Пстыга «Тиімділік үшін» медальмен марапатталды, бас дәрігердің  медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Қ.Қ. Аленова «ҚР денсаулық сақтау үздігі» атағы берілді, бас бухгалтері М.С. Игісенова өзгеліктің мәртебелі белгісімен марапатталды және «Жыл маманы» сертификатына ие болды.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу