№1 Қалалық емханасы

Қазақстан, Қостанай, 1 Мая к-сі, 151Б
+7 (7142) 39 27 27
+7 (7142) 39 04 70

Біз туралы

№1 қалалық емхана ересектер мен балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, медициналық оңалту және қалпына келтіру емдерін жүргізеді. №1 ҚЕ Қостанай қаласының 100% жасөспірімдеріне қызмет көрсетеді. Амбулаториялық-емханалық қабылдаулар емхана жағдайында және үйде 22 бейін бойынша жүргізіледі. Физиотерапиялық емдеу, сондай-ақ емхананың күндізгі стационарында емдеу жүргізіледі. Емханада шағын инвазивті оталар, оның ішінде глаукома кезіндегі лазерлік оталар жасалады. 


№1 емхана – қаланың ескі емханасы. "Қостанай қаласының №1 емханасы" МКҚК 2001 жылдың тамыз айында №1, 2, 3, 4 отбасылық дәрігерлік амбулаторияларды қосу жолымен қайта құрылды. 2013 жылдың ақпан айында кәсіпорын "Қостанай қаласының №1 емханасы" КМК болып атын өзгертті.

№1 ҚЕ екі Call-орталық жұмыс істейді. Пациенттер қабылдауға өздігінен жазу арқылы, тіркеу орнына тікелей келгенде және телефон арқылы жазыла алады. Амбулаториялық-емханалық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында емхананың сайтында тәулік бойы онлайн режимінде жазылу да қарастырылған.

Диагностика:

- Эхокардиография

- Ультрадыбыстық тамырлардың допплерографиясы 

- Эндоскопиялық зерттеулер 

- Спирография

- Электроэнцефалография 

- Реоэнцефалография

- Реовазография

- Рентгенография

- АҚ холтерлік және тәуліктік мониторлау

Физиотерапия кабинеті

Диагностикалық зертхана

2012 жылы емханада 30000 астам әйелдерге қызмет көрсететін акушерлік-гинекологиялық бөлімше ашылды. Бөлімше келесі қызметтерді ұсынады: 

- Физиологиялық жүктілікті және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу;

- Жүкті және босанған әйелдердің патронаждары;

- Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру және қызмет көрсету;

- Экстрагениталды ауруларды ерте анықтау мақсатында әйел адамдарға профилактикалық тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (ЭГА);

- Гинекологиялық науқастарды қарау;

-  Әйелдерді диспансерлік бақылау және сауықтыру;

-  Көрсеткіштер бойынша бейінді бөлімшелерге жатқызу;

-  ЖММК-ға пациенттерді іріктеу;

- Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;

- Халыққа санитарлық-ағарту және гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу.

Бірнеше жылдар бойы емхана қызметінің көрсеткіштері облыстағы ең үздік көрсеткіш болып табылады, соның ішінде Ұлттық скрининг өткізу, ауруларды ерте анықтау, туб- және онкоасқынулардың алдын алу. Кәсіпорын бірнеше рет облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері атанды.

Кәсіпорын ұжымында 300-ге жуық жұмысшы, оның ішінде 80-нен астам дәрігер, 122 орта медициналық қызметкер бар. Санатталған кадрлардың үлес салмағы - 51%, оның 60% - жоғары біліктілік санаты бар. Соңғы жылдар ішінде кәсіпорын қаражаты есебінен емхана қажеттілігіне сәйкес қайта даярлаудан (бастапқы мамандандырудан) 2 және 3 дәрігерлік мамандық алған 18 дәрігер өтті. Емхананың 3 маманы Израильдің үздік клиникалары базасында ұзақ мерзімді оқудан өтті. Шетелде қысқа мерзімді тағылымдамада кәсіпорынның 4 дәрігері болды (Түркия, Финляндия, Австрия). 2009-2011 жылдары 2 интерн-дәрігер кәсіпорын қаражаты есебінен Интернатурада оқып, бүгінде емхананың дәрігерлік құрамын толықтыруда. Қазіргі уақытта кәсіпорын қаражаты есебінен медициналық ЖОО-да 1 студент білім алады. 2012 жылы емхананың 150-ден астам маманы біліктілікті арттыру курстарында оқыды. 

Жыл бойы емхана 300 000-ға жуық дәрігерлік, соның ішінде 60 000-ға жуық профилактикалық, атап айтсақ скринингтік тексерулер жүргізеді. 6600-ден астам пациент стационарды алмастыратын технологияларды қолдана отырып ем алады, 580 000-ға жуық диагностикалық зерттеулер, оның ішінде 40 000-нан астам флюоротексеру жүргізіледі.

№1 қалалық емхананың бөлімшелері:
Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі
Жалпы дәрігерлік тәжірибе және учаскелік қызмет бөлімшесі
Педиатрия бөлімі
Акушерлік-гинекологиялық бөлімше
Мамандандырылған жәрдем бөлімшесі
Стационарды алмастыратын көмек бөлімшесі
Зертханалық-диагностикалық бөлімше
Косметологиялық кабинет (шаруашылық есеп бөлімі)
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу