№1 Қалалық емханасы

Қазақстан, Қостанай, 1 Мая к-сі, 151Б
+7 (7142) 39 27 27
+7 (7142) 39 04 70
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

"Жарақаттан сақтан!" семинар-тренинг


Жарақаттану дегеніміз – бір немесе бірнеше факторлардың әсерінен ағза құрылысы мен функциясының бұзылуы.

Жарақаттанушылық тұрғындар немесе олардың жеке топтары арасында белгілі бір уақытта (ай, тоқсан, жыл және т.б.) жарақаттанушылықтың таралу көрсеткіші. Балалар жарақаты ерекше алаңдаушылық туғызады. Балалардың жарақаты жиі ауыр зардаптарға әкеліп соғады, болашақта денсаулық пен жұмыс қабілетіне әсер етуі мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер арасында жарақаттанудың алдын алу – бүкіл әлемдегі айтарлықтай өзекті тақырып.

2019 жылы 05 сәуірде "Қостанай қ. №1 емханасы" КМК алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің психологы "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасы" ММ қызметкерлері мен тәрбиеленушілер үшін "Жарақаттан сақтан!" атты семинар-тренинг өткізді.

 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу