№1 Қалалық емханасы

Қазақстан, Қостанай, 1 Мая к-сі, 151Б
+7 (7142) 39 27 27
+7 (7142) 39 04 70

Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу ережесі

Пациенттерді стационарға жоспарлы жатқызу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін айғақтар болған кезде (шұғыл дәрігерлік араласуды талап етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайлар) емхананың емдеуші дәрігері стационар бөлімшесінің меңгерушісімен бірлесіп пациентті емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім шығарады.

- Емдеуші дәрігер сіздің деректерді Емдеуге жатқызу бюросы порталына енгізеді және қолға "Жоспарлы емдеуге жатқызу талонын" береді.

- Стационар Порталда өтінімді тіркеген сәттен бастап 2 күн ішінде жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін анықтайды.

- Стационар ауруханаға жатқызу күнін анықтағаннан кейін дәрігер жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді. Сіз емдеуші дәрігерден жолдаманы өзіңіз ала аласыз.

- Емдеуге жатқызуды күту кезінде сіз емдеуші дәрігерде бақылауда боласыз. Бақылауда болу міндетті.

Стационарға емдеуге жатқызу күні сіз жолдамада көрсетілген мерзімде ауруханаға жатуға келуге міндеттісіз. Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (басқа да жіті аурудың болуы, басқа жаққа кету, билеттің болмауы және т.б.), сізге учаскелік дәрігерді уақтылы хабардар ету қажет. Пациент келмеген жағдайда өтінімнің күші жойылады.

Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттің өзімен бірге мынадай құжаттары болуы керек:

  • Жеке куәлік
  • Барлық талдаулар мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (тізім емдеуге жатқызу бөлімшесіне байланысты)
  • Емдеуге жатқызу талоны
  • Жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберген медициналық ұйымның бірінші басшысының қолы мен мөрі бар емдеуге жатқызуға жолдама

Барлық құжаттар пакетінсіз емдеуге жатқызу мүмкін емес екендігін және стационар пациентке емдеуге жатқызудан бас тартуға құқылы екендігін есте сақтау қажет.

Ауруды қабылдау бөлмесіне келген кезде өзімен бірге: іште киетін жеңіл киім (халат), тәпішке, гигиеналық керек-жарақтар, куәлік болуы тиіс.

Зерттеу мен емделу алдында: дәрілік препараттарды көтере алмау, тұқым қуалайтын және ауырған аурулар, операциялар, қан мен оның компоненттерін құю туралы хабарлау қажет. 

Бұрынғы зерттеулердің нәтижелерін өзімен бірге алу қажет:

  • алдыңғы емделген жерден көшірмелер;
  • рентген кескіні, басқа зерттеулердің қорытындылары;
  • медицина мамандарының тұжырымдары;
  • бар болса - операциялар мен инвазивті зерттеулердің СD-дискілері.

Стационардан шығатын кезде емдеуші дәрігер пациентке ауруы бойынша барлық ұсыныстарды көрсете отырып, сырқатнамадан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда еңбекке жарамсыздық парағын немесе оқу орнына анықтама береді

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу