Қалалық емханасы (Әуелбеков к-сі, 94)

Қазақстан, Көкшетау, Әуелбеков к-сі, 94
+7 (7162) 72 16 17
+7 (7162) 25 38 01

Біз туралы

Ақмола облысы ДСБ Көкшетау қаласының «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК - алғашқы медициналық санитарлық және балалар мен ересектерге консультативтік-диагностикалық жәрдем көрсетуге бағытталған мемлекеттік медициналық ұйым.

Ересектерге арналған мамандандырылған көмек 18 клиникалық бағыттар бойынша жүргізіледі: кардиология, ревматология, неврология, эндокринология, пульмонология, гастроэнтерология, онкология, оториноларингология, офтальмология, жалпы хирургия, травматология, урология, проктология, маммология, стоматология, гинекология, фтизиатрия, жұқпалы аурулар. Балаларға 7 клиникалық бағыттар бойынша жүргізіледі: неврология, кардиология, эндокринология, хирургия, офтальмология, оториноларингология, стоматология.


Емхана қуаты – ауысымда 806 адамға қызмет көрсетеді.

Нақты қуаты ауысымда 1300-1700 адамға қызмет көрсетеді.

 

Қалалық емхана Көкшетау қаласының оңтүстік бөлігінің тұрғындарына қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету аймағында Зеренді және Красноярск саяжай массивтері, Подхоз а., Чайкино а. бар.

Көкшетау қалалық емханасы 1989 жылы 30 қарашада ашылды. 29 жыл бойы емхана Ақмола облысындағы ірі алғашқы медициналық санитарлық жәрдем көрсету ұйымы болып табылады. 

Бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық жабдықтармен қамсыздандыру 81,75 % құрайды. Бүгінгі таңда емханада 685 адам қызмет етеді, оның ішінде – 130 дәрігер, орта медициналық қызметкерлер саны - 370. 

Барлығы емханада 12 денсаулық мектебі жұмыс істейді. Стационарлы-алмастырушы технологиялар ендірілді, 76 төсекті күндізгі стационар бар, онда күндізгі стационар жағдайында пациенттерді емдеу үшін жайлы және қолайлы жағдайлар жасалған. 

Сондай-ақ, емханада амбулаториялық-дәрілік қамтудың жаңа моделі енгізілді және жұмыс істейді, тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді босату дәріханасы ашылды.

2008 жылдан бастап қан айналымы жүйесін, сүт безі қатерлі ісігін, жатыр мойны, тік және тоқ ішек қатерлі ісігін, глаукома, қант диабеті, 18 жасқа дейінгі балалар ауруларын ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулер басталды.

Емханада біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында кадрларды оқытуға ерекше назар аударылған. Сонымен 2017 жылы 43 дәрігер мен 209 орта медициналық қызметкер оқытудан өтті.

Емхананың негізгі құрылымдық бөлімшелері:

  • №1 консультативтік-диагностикалық бөлім
  • №2 консультативтік-диагностикалық бөлім
  • №3 консультативтік-диагностикалық бөлім
  • Профилактика және психо-әлеуметтік көмек бөлімі
  • Терапия бөлімшесі
  • №2 отбасылық денсаулық орталығы
  • Медициналық тексеру бөлімі
  • Физиотерапевтік бөлім
  • Клиникалық-диагностикалық зертхана
  • Сәулелі диагностика бөлімі
  • Қызметтік диагностика бөлімі

Зерттеу түрлері:

- Рентгенді диагностика

- Флюорография

- ЭКГ

- УДЗ

- Спирография

- ЭЭГ, ЭхоЭГ

- Холтер

- Доплер

- ФГДС, колоноскопия

- ЛОР-эндоскопия

Қызметтік диагностика бөлімінде сандық флюорография құрылғысы, иммуноферментті анализатор, маммографиялық қондырғы, электроэнцефалограф, Тредмил-тест, ЭКГ және КҚ холтерлік бақылау, компьютерлік периметрия және ретиналды томограф ендірілген. Сараптамалық кластағы УДЗ аппараттары қолданылады.

Диагностикалық зертхана

Зертхана жалпы клиникалық, биохимиялық, иммундыферментті, гематологиялық, цитологиялық, серологиялық, микробиологиялық зерттеулер жүргізеді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу