Қалалық балалар тіс емдеу емханасы

Қазақстан, Ақтөбе, Есет Батыр к-сі, 83
+7 (7132) 54 77 88
+7 (7132) 24 12 47

Біз туралы

Ақтөбе қаласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық балалар стоматологиялық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны — Ақтөбе қаласының бала тұрғындарына жоспарлы және шұғыл мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсету үшін құрылған заманауи емдік және алдын-алу ұйымы.


Емхана сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін екі ауысымда жұмыс істейді. Сенбі күні сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін кезекші дәрігерлер көмек көрсетеді.

Емханада 3 бөлімше істейді: емханалық, алдын-алу және ақылы.

Емхана келесі қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықпен жарақталған: әмбебап стоматологиялық қондырғылар, "Планмега ProOne" панорамалық рентген қондырғы, "XmindAS" дентальді аппарат, тіс-жақсүйек жүйесін емдеуге арналған физиотерапиялық аппараттар.

Емханада келесі бағыттар бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі:

  • хирургиялық стоматологиялық
  • терапиялық стоматология
  • ортодонтия и ортопедиялық стоматология
  • физиотерапиялық.

Алдын-алу бөлімшесі – № 23,26,27,31,40,45,51,55, Жаңақоныс орта мектептерде, Заречный елді мекені стоматологиялық көмек көрсетіледі. Барлық мектептер заманауи әмбебап стоматологиялық қондырғылармен жабдықталған.


Емхана тарихы

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу