Қалалық балалар тіс емдеу емханасы

Қазақстан, Ақтөбе, Есет Батыр к-сі, 83
+7 (7132) 54 77 88
+7 (7132) 24 12 47

Миссия, көрініс, құндылықтыр

Миссиясы

Ақтөбе қаласы мен облысының бала тұрғындарының денсаулығын нығайту, қауіпсіз, кешенді стоматологиялық көмекті және алдын-алуды жүзеге асыру, біздің ауқымды білімдеріміз, көп жылдық тәжірибе мен мықты технологиялық база мүмкіндік беретін жоғары сапалы стоматологиялық қызметтер ұсыну, емдеу кезінде балаларға барынша жайлылықты қамтамасыз ету қалалық балалар стоматологиялық емханасының миссиясы болп табылады. 

Емхананың құрылған сәтінен бері балалар мен олардың ата-аналары біздің емхананың дәрігер-стоматологтарына өз жымиысын сеніп тапсырды. Өйткені бізде балалар мен олардың болашағы үшін зор махаббатпен және жетістікке деген сеніммен бәрі жасалды. 

Біздер балалар үшін стоматологиялық қызметтердің барлық түрін ұсынамыз және бір қадам алда болуға ұмтыламыз!

Сіздің балақайыңыздың салауатты күлімсіреуі – біздің негізгі міндетіміз!  

Пациенттердің денсаулығын жақсарта отырып, тұрғындардың күтілетін өмір ұзақтылығын арттыруға атсалысамыз. 

Көріну:  тәжірибені, ғылымды, білімді және жаңа тәсілдемелерді біріктіру негізінде өз қызметін сапа мен пациенттер қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сай жүзеге асырушы денсаулық сақтау саласындағы жетекші ұйым.

Мақсаты

  • Балалар өмірінің сапасын жақсарту;
  • Пациенттеріміздің денсаулық пен эстетика бойынша барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Денсаулықты қолдау үшін кәсіби қадағалау;

Міндеттер

Азаматтардың денсаулығын қорғау мен санитариялық-экономикалық амандықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша емхананың қызметін жетілдіру;

Тұрғындарға ұсынылатын медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын көтеру;

Денсаулықтың бірыңғай ұлттық жүйесі жағдайында медициналық ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Біздің құндылықтар

1.Стоматологиялық қызметтің әділдік пен ынтымақтастырылған жауапкершілікке негізделген нормативті-құқықтық базасын, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытуды, стоматологиялық көмек көрсету сапасының ғылыми негізделген стандарттары мен өлшемшарттарын енгізуді жетілдіру. 

2.Балалар мен жеткіншектердің стоматологиялық денсаулық деңгейін көтеру.

3.Бала тұрғындарға сапалы стоматологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру.

4.Заманауи медицинаның үздік жетістіктеріне негізделген емдеу, алдыңғы қатарлы құрал-жабдықты пайдалану.

5.Баланың стоматологиялық қабылдауға деген жағымды қатынасын қалыптастыру. 

Біздер бірте-бірте жаңа шыңдарды бағындырудамыз және жетістіктеріміздің нәтижесі – дені сау және өзіне сенімді пациенттер. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу