Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сол жағалау, Хусейн бен Талал к-сі, 7 ғимарат, ЭКСПО ауданы
+7 (7172) 33 14 06
+7 (7172) 33 17 16

Құрылымы

Нашақорлық және психотерапия ортлығының бөлімшілері:

  • 12 төсекке арналған күндізгі стационар
  • 20 төсектік уақытша бейімдеу және детоксикация бөлімшесі (айықтырғыш)
  • Бір ауысымда 150 келушіге есептелген диспансерлік бөлімше
  • 250 бюджеттік және 15 шаруашылық есептегі төсекке арналған стационар
  • Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім.

Қабылдау бөлімі

Олту Наталья Николаевна. Қабылдау бөлімінің І біліктілік санатты дәрігер-наркологы.

Астана медицина университетін  2007 жылы бітірді.  мамандық бойынша жұмыс өтілі – 8 жыл.

Негізгі қызмет- псхикалық белсенді заттарды тұтынуды анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу.  Куәландырылатын тұлғалар жол-көлік оқиғасынан кейін, немесе полициямен бірге келеді. Егер сіз балаңыз есірткі тұтынады деп күдіктенсеңіз, ең дұрысы экспресс-тест қолдану арқылы биологиялық ортада (қан, несеп) есірткі заттардың болуын тексерген дұрыс. Жоғары  білікті мамандар тәулік бойы қызмет көрсетеді. 

Сондайақ қабылдау бөлімі пациенттерді емдеуге жатқызуды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізеді. 


12 төсекке арналған күндізгі стационар

Джузенова Асель Асемхановна. Күндізгі стационардың дәрігер-наркологы, жоғары біліктілік санатты дәрігер.  

2003 жылы Астана қаласы Қазақ медицина академиясын аяқтады. Жұмыс өтілі 12 жыл.


20 төсектік уақытша бейімдеу және детоксикация бөлімшесі (айықтырғыш)


Бір ауысымда 150 келушіге арналған диспансерлік бөлімше

Диспансерлік бөлімше – Орталықтың мамандандырылған медициналық көмек көмек көрсететін және профилактикалық жұмыс жүргізетін құрылымдық бөлімшесі.  

Анықтама бөлімі

Тіркеу бөлімі

Учаскелік дәрігер-нарколог (ересектер) кабинеті - 5

Балалар дәрігер-наркологы кабинеті

Психотерапевт кабинеті

Психолог кабинеті

Әлеуметтік қызметкер кабинеті

Диспансерлік бөлімше жүзеге асырады: 

алкогольге  және (немесе) басқа ПБЗ-ға тәуелді науқастарды анықтау, есепке алу және диспансерлік бақылау;

алкоголь және (немесе) басқа ПБЗ зиянды салдарымен тұтынатын науқастарды анықтау, есеп жүргізу (көрсеткіштер бойынша);

алкоголь және (немесе) басқа ПБЗ зиянды салдарымен тұтынатын және алкоголь және (немесе) басқа ПБЗ-ға тәуелді  науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету;

алкоголь және (немесе) басқа ПБЗ зиянды салдарымен тұтынатын және алкоголь және (немесе) басқа ПБЗ-ға тәуелді  науқастарды емдеудегі сабақтастықты қамтамасыз ету;

зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа кіруге, көлік құралдарын басқаруға, суық және оқ-дәрімен атылатын қару-жарақ және басқаларды иеленуге және пайдалануға рұқсат беру туралы қорытынды шығару;

науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығын сараптау;

санитарлық-ағартушылық есірткіге қарсы  профилактика;

көрсетілетін наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу.


250 бюджеттік және 15 шаруашылық есептегі төсекке арналған стационар

№1-ші бөлімше 55 төсекке арналған (ерлерге, әйелдерге арналған)

Жіті және жітілеу абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы түзету МӘО-дың 1 кезеңін жүзеге асыруға бағытталған, оның ішінде алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде  емдеуге арналған 10 төсек )әйелдерге). 

Бөлімшеде медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасының 1 кезеңі жүзеге асырылады, оның негізгі қағидаты физикалық және психикалық тәуелділікті, диссомниялық, астениялық көріністерді нивелирлеу (жою), ұзақ терапиялық ынтымақтастыққа уәждеме. 

Бөлімшедегі емдеудің орташа ұзақтығы - 20 күн. Емдеудің негізгі шарты пациенттің госпитализацияға ерікті келісім беруі.  

Емдеудің маңызды қағидаты оның кезеңділігі: 

1 -  детоксикация, жалпы нығайту және психикалық белсенді затты алып қоюмен бірге ынталандыру терапиясын қамтитын алдын-ала кезең; 

2 - белсенді, есірткіге қарсы, алкогольге қарсы емдеуге бағытталған негізгі кезең; 

3 - қолдаушы терапия. 

Дәрі-дәрмектік терапиямен қатар психологиялық кеңес беру, әлеуметтік көмек көрсету, психотерапияның рационалдық, интеграциялық-даму және басқа түрлерін қолдаа отырып психотерапевттің консультациясын алу. 

Емдеу тиімділігінің критерийлері: 

физикалық және психикалық тәуелділік көріністерін тоқтату;

алкогольге патологиялық құштарлықты кеміту (редукция);

соматикалық асқынуларды кеміту (редукция);

алкогольден бас тарту және медициналық-әлеуметтік оңалтуды әрі қарай жалғастыру  уәждемесін қалыптастыру.  

№2-ші бөлімше 80 төсекке арналған (ерлерге арналған)

№3-ші бөлімше 60 төсекке арналған (ерлерге арналған)

№ 3  бөлімше ерлерге арналған - алкогольді және (немесе) ПБЗ-ды тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық ауытқулардан зардап шеккен науқастарға ерікті негізде стационарлық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін Орталықтың құрылымдық бөлімшесі.

Бөлімше  60 төсекке есептелген.  Бөлімшеде медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасының 1 кезеңі жүзеге асырылады, негізгі қағидаты детоксикация, жалпы нығайту және психикалық белсенді затты алып қоюмен бірге ынталандыру терапиясы болып табылады. Емдеудің негізгі шарты пациенттің өз еркімен келісім беруі. Пациенттің бөлімшеде болуының орташа ұзақтығы 20 күн, одан кейін медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасының 2 кезеңіне психотерапия және оңалту бөлімшесіне ауыстырылады.

Емдеудің негізгі тәсілін таңдау үшін тәуелділік нысаны, сырқаттың ауырлығы, психикалық сфера күйі, мінез-құлықтық ауытқулар, тәуелділіктен айығудан ұмтылудың бар болуы немесе болмауы ескеріледі. Тәуелділіктің әрқилы түрлерін емдеу үшін детоксикациға қолданылатын және талғамалы психотроптық әсері бар фармакологиялық дәрі-дәрмектердің ауқымды арсеналы, сондай-ақ  ПБЗ-ға тәуелділерді фармакологиялық оңалту қолданылады. 

№4-ші бөлімше 40 төсекке арналған (ерлерге, әйелдерге арналған)

МӘО 2 кезеңін жүзеге асыруға бағытталған,   психотерапия және оңалтудыжүзеге асыру. 

Психотерапия және оңалту бөлімшесі келесі міндеттерді жүзеге асырады:

аддиктивті мінез-құлықты тұлғаларды оңалту бағдарламасына сәйкес әрқилы тәуелділіктерге шалдыққан науқастарға стационарлық психотерапиялық көмек көрсету,

 психодиагностика және психикалық түзетуді жүзеге асыру,

пациенттерге әлеуметтік көмек көрсету,

пациенттерге психотерапиялық орта құру  (арнайы ұйымдастырылған микроәлеуметтік топ -психотерапиялық қауымдастық),

ортақ тәуелділермен жұмыс жүргізу  (жақын туыстарымен, микроәлеуметтік орта адамдарымен),

стресс жағдайларын, дезааптация күйлерін жеңу бойынша психогигиеналық және  психопрофилактикалық іс-шараларды жүргізу.

Аддикциясы бар науқастарды емдеуге арналған оңалту мен психикалық түзету бағдарламасы бағытталған:

дәрі-дәрмекпен түзету кезеңінен ойдағыдай өткен алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелді науқастарда алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелділіктен алкоголь және (немесе) есірткіге қарсы тұрақтылықты қалыптастыру;

алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелді науқастарда белгілі-бір өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру арқылы медициналық-әлеуметтік тұрғыдан қолдау және дау-дамай мен қатты күйзеліс кедергілерін жеңіп шығу, төзу әдістеріне үйрету;

салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, алкоголь және (немесе) басқа да ПБЗ-ды қолданудан бас тарту, күнделікті тұрмыс барысында өз-өзіне қызмет жасау, коммуникация, өзара қарым-қатынас, еңбекке араласу және бос уақытты ұтымды пайдалану сияқты жағдайларға жаттығу;

медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткен алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ-ға тәуелділіктің қайталануын болдырмау мақсатында және күйзелісті жағдайда уақтылы кірісіп, сондай-ақ оларды медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесінде (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі) ұйымдастырылатын оңалту бағдарламаларына тарту арқылы профилактикалық шараларды өткізу;

емделушілерді, мамандарды, қоғамдық ұйымдарды және тұрғындарды оңалту бағдарламаларына қатысуға тарту мақсатында, сондай-ақ тәуелді болу дертіне қатысты тұрғындарға ағартушылық шараларын жүзеге асыру мақсатында медициналық-әлеуметтік оңалту жұмыстары жөнінде жұртшылықты ақпараттандыру;      

Оңалту кезеңінің мақсаты  келесі әдістер көмегімен биологиялық және әлеуметтік бейімделу дағдыларын қалпына келтіру:

Дәрі-дәрмектік терапия,

Жеке және топтық психотерапия,

Психологиялық кеңес беру және диагностика,

Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,

Орта терапиясы,

Пациенттердің терапиялық қауымдастығын (ТҚ) құру және қызмет жасау,ТҚ күн сайын жиналыстарын жүргізу бойынша жұмыс,

Релаксация,

Еңбек терапиясы,

Жұмыспен терапия жүргізу,

Әлеуметтік оқыту,

Спорттық-сауықтыру шаралары,

Мәдени-бос уақыт шаралары,

Ортақ тәуелділермен кездесу топтары,

Түрлі діни конфессия өкілдері көмегімен жүзеге асырылатын рухани тәжірибелер.

№5-ші бөлімше 15 төсекке арналған (ерлерге, әйелдерге арналған)

№ 5  бөлімше (Әлеуметтік оңалту) – химиялық және химиялық емес тәуелді пациенттерге медициналық-әлеуметтік оңалтудың 3 кезеңін жүргізуге арналған. 

Адамның барлық бұзылған салаларын: физиология, психология, әлеуметтік және рухани өмірін қалпына келтіруді қамтитын тәуелділік проблемасын шешуге арналған кешенді кәсіби тәсілдеме, наркологиялық клиниканың терапиялық жұмысынңы жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Дәрі-дәрмектік түзету (1 кезең) және  психологиялық қолдау (2 кезең) курстарын өткеннен кейін, біздің  пациенттер келесі кезеңде - Әлеуметтік оңалту бөлімшесінде емдеуді жалғастыру мүмкіндігі бар. Біздің пациенттерді емдеудің түпкі мақсаты  – әлеуметтік ортаға толқы бейімделген адамның қоғамға қайтуы. Осы үрдісті мамандар бригадасы – дәрігер-нарколог, психотерапевт, психолог және әлеуметтік қызметкер жүзеге асырады. Команданың міндеті – пациенттерде өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамыту, өмірдің жаңа құндылықтарын, қағидалары мен мақсаттарын қалыптастыру, адамның жеке  тұлғасының қалыптасуы мен дамуына көмек беру. Бөлімше қызметкерлері әлеуметтік оңалту бағдарламасына кіретін еңбек терапиясы, психотерапия, тиімді коммуникация бойынша әртүрлі тренингтер, спорттық шаралар және т.б. көптеген шаралар бойынша пациенттердің толық қамтылуын жүзеге асырады.   

Біз спортқа үлкен назар аударамыз. Біздің пациенттер спорттық жарыстарған үнемі қатысады. 

Біздің пациенттер оқыту бағдарламарына, атап айтқанда - тілдерді үйрену (қазақ, ағылшын) және компьютерлік сауаттылыққа қатысады. 

Емдік үрдіске еңбек терапия үрдісі енгізілген. Емделушілер орталық аумағында, көкөніс, қияр, шалғам отырғызылған учаскеде рахаттанып жұмыс жасайды. Сонымен бірге ой-өріс пен ұсақ мотоиканы дамыту үшін зергерлік шеберлік, тоқу, сурет салу, гитара тартуды үйрету сабақтары жүргізіледі. (фото еңбек, бақша,  гитара, зергерхана, тоқыма тоқу)  

Мамандар командасымен бірге ерікті-консультанттар бірге жұмыс істейді, олар оңалту курсын толық өткендер. Қиын уақытта қолдау көрсету, дұрыс кеңес беру немесе тыңдау, және өз үлгісімен сауығуға үміт сыйлап, айығу жолы бар екендігін көрсете алады.. 

Біздің пациенттер үшін әлеуметтік бағдарлама құжаттарды ресімдеу, жұмысқа тұрғызу, кәсіби оқыту, сондай ақ емдеуден шыққан кейін әлеуметтік сүйемелдеу болып табылады.

Шаруашылық есептегі бөлімше 15 төсектік бөлімше (ерлерге, әйелдерге арналған)

Бөлімше меңгерушісі - Джузенова Асель Асемхановна.

Жоғары санатты дәрігер-нарколог. 2003 жылы Астана қаласы Қазақ медицина академиясын аяқтады. Жұмыс өтілі 12 жыл

Шаруашылық есептегі жасырын емдеу бөлімшесі (ерлер, әйелдер) жіті абстинетті күйлерге дәрі-дәрмектік түзету жүргізу. Бөлімше 15 төсекке есептелген.  Алкоголь және есірткіге тәуелді пациенттерге дәрі-дәмектік түзету жүргізіледі. Емдеудің негізгі шарты пациенттің өз еркімен келісу. 

Пациенттің емделуінің орташа ұзақтығы  5-10 күн. 

Емдеудің негізгі тәсілін таңдау үшін тәуелділік нысаны, сырқаттың ауырлығы, психикалық сфера күйі, мінез-құлықтық ауытқулар, тәуелділіктен айығудан ұмтылудың бар болуы немесе болмауы ескеріледі. Тәуелділіктің әрқилы түрлерін емдеу үшін детоксикациға қолданылатын және талғамалы психотроптық әсері бар фармакологиялық дәрі-дәрмектердің ауқымды арсеналы, сондай-ақ  ПБЗ-ға тәуелділерді фармакологиялық оңалту қолданылады. 


Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім







 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу