Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сол жағалау, Хусейн бен Талал к-сі, 7 ғимарат, ЭКСПО ауданы
+7 (7172) 33 14 06
+7 (7172) 33 17 16
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Наркология және психология орталығының дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне арналған конференция


2018 жылғы 25 қазанда Наркология және психотерапия орталығы «Астана медицина университеті» АҚ-тың психиатрия және наркология кафедрасымен бірлесіп, Ұлттық алкогольден бас тарту күні (28 қазан) мен оған орайластырылған алкогольді шамадан тыс қолданудың алдын алу бойынша онкүндік (20-28 қазан) жүргізу аясында НжПО дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ «Жалпы медицина» факультетінің 5-курс студенттері үшін конференция өткізді.

Науқанның негізгі мақсаты – халықтың психиканы қоздыратын заттарды қолдану салдары жөнінде хабардар болу деңгейін арттыру, ПБЗ-ға теріс көзқарасты қалыптастыру және Қазақстан қоғамында есірткі заттары мен алкогольді тұтынудың әлеуметтік қолайсыз имиджін қалыптастыру.

Конференцияны дайындау мен жүргізуге НжПО дәрігерлері мен «АМУ» АҚ-тың психиатрия және наркология кафедрасының ассистенттері қатысты.

Конференция соңында конференцияға қатысушылардың баяндамалары талқыланып, баяндаушыларға сұрақтар қойылды. Конференция қорытындылары шығарылды.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу