Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 32 65 11
+7 (7172) 32 35 11

Біз туралы

3 қабатты емхананың ғимараты қаланың орталығындағы С. Сейфуллин көшесі, 28 мекенжайында орналасқан. 1999 жылға дейін « 1 қалалық аурухананың» құрамында болған. 1999 жылдың 1 сәуірінде « 1 қалалық емхана» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жеке заңды тұлға мәртебесіне ие болған. 2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің « 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Бас дәрігері – Тұралинов Назар Шамғанұлы. Медициналық қызмет көрсетумен айналысуға рұқсат берілген лицензиясы бар. Емхана 08.00-20.00 сағат аралығында медициналық қызмет көрсетеді. Тұрғындар саны және емхананың қуаттылығы көбейгеніне байланысты қосымша 15 кабинет ашылды. Барлық кабинеттер 2-3 ауысымда қызмет атқарады.


Жоспарланған қуаттылығы бойынша бір ауысымда 250 адамға дейін қабылдайды.

 

 

« 1 қалалық емхана»  бөлімшелері:

  • Жедел жәрдем медициналық көмек көрсету бөлімшесі
  • № 1 отбасылық денсаулық орталығы
  • ЖТД бөлімшесі (№ 2 отбасылық денсаулық орталығы)
  • № 3 отбасылық денсаулық орталығы
  • № 1 кеңес беру-диагностикалық бөлімшесі
  • № 2 кеңес беру-диагностикалық бөлімшесі
  • Акушер гинекологиялық бөлімі
  • Ақылы қызмет бөлімі
  • Алдын-алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және зертханалық-диагностикалық тексерулер бөлімшесі

С.Сейфуллин көшесі, 28 мекенжайындағы ғимаратта № 1 Отбасылық денсаулық орталығы орналасқан, бөлімше меңгерушісі Бекитаева Асылтас Шахзинановна, бөлімше тіркелген ересек адамдарға қызмет көрсетеді. 

№ 1 клиникалық-диагностикалық бөлімшесі, бөлімше меңгерушінің міндетін атқарушы Турунтаева Гульзат бөлімше тіркелген ересек адамдарға қызмет көрсетеді, 

Алдын алу және психологиялық көмек көрсету бөлімшесі, меңгерушісі Кашкенова Алма Копеевна.

Ақылы қызметтер бөлімшесі, меңгерушісі Кашкенова Алма Копеевна.

Телімдік педиатрлар бөлімшесі (№2, № 3 Отбасылық денсаулық орталығы), меңгерушісі Базарбаева Мейрамгуль, қосымша  ғимаратта Ауэзов көшесі, 24 мекенжайда тұрғын үйдің 1-ші қабатында орналасқан, тіркелген балаларға медициналық қызмет көрсетеді.

Балалардың мамандырылған бөлімшесі (№ 2 клиникалық-диагностикалық бөлімшесі), меңгерушісі Таңлашева Жамиля Андакуловна, Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданының емханаға тіркелген балаларына мамандырылған медициналық көмегін көрсетеді. Мекенжайы Республика даңғылы, 38. Қабылдауды 10 дәрігер жүргізеді: оташы, травматолог, көз дәрігері, стоматолог, невропатолог, гинеколог, фтизиатр, жасөспірімдер дәрігері, психолог.

Акушериялық-гинекологиялық бөлімшесі, меңгерушісі Каукенова Жанна Карбековна, емханаға тіркелген әйелдерге гинекологиялық медициналық қызмет көрсетеді.

Емхананың басты ғимаратында дәрілерді жеңілдікпен босататын дәріхана ашылды.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу