Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 32 65 11
+7 (7172) 32 35 11
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Тіркелген тұрғындар арасында туберкулез ауруының алдын алу жөнінде семинар

2019 жылдың 8 қазанында «№ 1 қалалық емхананың» фтизиатр дәрігері Анаргүл Ташкенбайқызы Байшалова емханаға тіркелген тұрғындар арасында туберкулез ауруының алдын алу жөнінде семинар өткізді. Іс-шарада инфекциялық дерттің шығу тарихы, таралу жолдары туралы айтылды. Негізгі мақсат – халықты қажет ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, аталған аурудан сақтанудың негізгі ережелерін түсіндіру. Семинар «STOP туберкулез!» қалалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Фтизиатр дәрігер Анаргүл Ташкенбайқызы туберкулезге қарсы күресу үшін оның алғашқы белгілерімен таныс болу қажеттігін атап өтті. Себебі аурудың белгілері біраз уақыттан соң ғана пайда болады. Туберкулездің ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел, дене салмағының төмендеуі, жалпы әлсіздік, қақырыққа толы жөтел ( арасында қан түкіру) секілді белгілері бар.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу