Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 32 65 11
+7 (7172) 32 35 11
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Дүниежүзілік инсульт күніне орайластырылған Ашық есік күні

2019 жылдың 29 қазанында Дүниежүзілік инсульт күніне орайластырылған «Білгеніңіз – ұзақ өмір сүргеніңіз» Ұлттық бағдарламасы аясында «№ 1 қалалық емханада» Ашық есік күні өтті. Бұл күні терапевт дәрігерлер мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер қауіп-қатер тобындағы (гипертониялық аурумен, қант диабетімен, атеросклерозбен ауыратындар және зиянды әдеттерге – ішімдік пен темекіге жақын адамдар) емхананың пациенттерімен әңгімелесулер жүргізіп, кеңес берді. Аталған шараның негізгі мақсаты - халықтың бүкіл топтарынының назарын бас мидағы қан тамыр аурулары мәселесіне аударту, себебі мүгедектік пен өлім-жітімнің негізгі себептері қатарына инсультке шалдығу жатады. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу