Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 32 65 11
+7 (7172) 32 35 11
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Stop туберкулез! акциясында өткен сынып сағаты

Балаларға мектеп қабырғасынан бастап денсаулықтың қадірін білу, аурулардың алдын қалай алуға болатындығы жөнінде мәліметтер беріліп отырады. Бұл өскелең ұрпақтың өз өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауына көмектеседі. Бүгінде қала бойынша «Stop туберкулез!» ауқымды акциясы өтіп жатыр. Халықты ақпараттандыру мақсатында медицина қызметкерлері пациенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Балалар фтизиатр дәрігері А. Ж. Пшембаева 2019 жылдың 17 қазанында «№ 2 мектеп-гимназиясының» оқушыларына сынып сағатын өткізді. Балалар фтизитар дәрігері білім мекемесінің 4 сынып оқушыларын туберкулездің алдын алу жөнінде дайындап әкелген мәліметтермен таныстырды.
Мысалы, туберкулез – ауа-тамшы жолдары, ортақ қолданылған тұрмыстық заттар, азық-түлік арқылы жұғатын инфекциялық ауру түрі. Науқас адам қақырыққа толы жөтел, түшкірік немесе сөйлескен уақытта өзінің айналасына бактерияларды таратады. Осы және өзге де пайдалы мәліметтермен танысу арқылы оқушылар туберкулез ауруы жөнінде өздерінің білімін молайтты. А. Ж. Пшембаева саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу